Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы – шағын қоғам

08 шілде 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам.
Сабақтың мақсаты: 1. Отбасы – әр адамның шағын отаны, отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Үлкендерден адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, зерттеушілік, жеке жұмыс, тірек үлгілері.
Жабдығы: Н. Ә. Назарбаевтың сөзі, тірек үлгілері, эссе тақырыптары, топтау.
Жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту. Қонақтармен амандасу.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық. Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,-
деп бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.
II. Мағынаны тану.
1/ Жұмбақ. Онда әкем, шешем тұрады,
Ата - әже, бауырым,
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады.
/Отбасы/

2/ Ой қозғау. Ал «отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал «қоғам» деген не? /Әр топ өз пікірін айтады./
Үйге берілген тапсырманы интернеттен, кітапханадан, үлкендерден сұрау.
3/ Мұғалімнің түсіндірмесі.
4/ Балалар, сендер отбасында қандай міндеттер атқарасыңдар?
5/ Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей 4 оқушы оқиды.
6/ Дәптермен жұмыс.
«Отбасы» дегенге әр топ анықтама береді.
Отбасы деген – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
7/ Ойын «Бәйге». Әр топ сұрақтарға тез жауап береді, жалаушалар -
мен бағаланады.
- Отбасындағы баланың міндеті қандай?
- Отбасы қоры қалай жиналады?
- Туған - туыспен қарым - қатынас деген не?
- Жер бетіндегі ең қымбат адам кім?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- «Отбасының басшысы» кім болады?
- Нағашы жұрт деген кім?
- Атаң мен әжеге сен кім боласың?
- Үлкенді сыйласаң -... /қадірлі боларсың/
Кішіні сыйласаң -... /құрметті боларсың/.
- Татулық табылмас -.../бақыт/.
8/ Жеке жұмыс. Эссе жазу. Тақырыптары:
а/ Ата, әже – асыл жандар.
ә/ Әке – отбасының қамқоршысы.
б/ Ана – отбасының құт - берекесі.
в/ Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
9/ Ата - ананың балаға айтар тілегі. Балалар:«Рахмет!»
III. Ой толғаныс. Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі.
Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жеті атаны жазып келу.
6 028
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Отбасы шағын қоғам. Қоғамдық топтар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға отбасы ұғымын тереңірек түсіндіру арқылы әке - шеше, бауырларының қадірін білгізу. 2. Жаңа мағынаны танып білуімен қатар «Отбасы» тақырыбының мағынасын өздері ашу, ойларын жеткізе білу қабілетін дамыту.
Отбасы берекесі
Отбасы берекесі
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Отбасы. Ана
Отбасы. Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×