Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

17 шілде 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
ә) дамытушылық: сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік: сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
● Сан есім ----- дара, күрделі
● Сан есім

Есептік, Жинақтық, Реттік, Болжалдық, Топтық, Бөлшектік
Жұмбақты шеш
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.

Оқулықпен жұмыс
І топ
1 - жаттығуды көшіріп жазып, сан есімді тап.
ІІ топ
4 - жаттығудағы берілген сан есімдердің қасына тиісті зат есімді қойып жаз.
ІІІ топ
5 - жаттығудағы жұмбақтың шешуін тауып, сан есімдердің астын сыз.

І топ
Орны ауысқан сөздерден мақал құрастыр
Ала, түгел, алтау, болса, келер, ауыздағы, кетер, төртеу, болса, төбедегі.

ІІІ топ
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1 - ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
“Тойдым”,- деп
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.

Тест тапсырмалары
1. Сан есім деген не?
а) заттың қимылын білдіретін сөздер.
ә) заттың санын білдіретін сөздер.
б) заттың сынын білдіретін сөздер.
2. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қандай? Қанша?
ә) қанша? неше? нешінші?
б) не? нешінші?
3. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар. Ер... рет өледі, қорқақ... рет өледі.
а) бір, бесінші
ә) бір, көп
б) бір, мың
4. Ол қандай сан?
Оңынан оқысаң, ол - сан
Терісінен оқысаң, ол - сан.
5. – ыншы жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді?
а) алты
ә) үш
б) он

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 656
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Атырау қаласы № 3 мектеп - гимназиясы орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Юсупова Айнур Мадениетовна
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сан есім
Сан есім
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Сан есім
Сан есім
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×