Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің қысқы тіршілігі

19 шілде 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің қысқы тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін қалыптастыру.
2. Оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой - өрістерін кеңейту, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын тұжырымдау, дәлелдеу, бақылау, зерттеу, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, кестелер, жа - пырақ, ағаш бұтақтары (бүршікті), үлестірмелер.

Сабақтың жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың бір - біріне жақсы тілектер айтуы. Төрт топқа бөлу (көктем, жаз, күз, қыс).
Өткенді қайталау сұрақтары:
1. Адамға тәуелсіз не?
2. Табиғат деген не?
3. Табиғатты неге әртүрлі дейміз?
4. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылығы неде?
5. Олардың арасында қандай байланыс бар?
6. Тірі табиғат туралы не айтасыңдар?
Әр топтың пікірі тыңдалып, мынадай сызба құрылады.

Табиғат

Өлі
Тірі

Тірі табиғатты өзара салыстырыңдар. (Әр түрлі жұмысы тыңдалады.)
Қорытынды.
Адам -------------Өсімдік ---------------------Жануар
Ойлау, -----------қоректенеді,-------------- Ойлау
сөйлеу, ----------өседі, ----------------------қабілетінде,
еңбек ету, -------көбейеді, -----------------тік жүру
саналы ----------тыныс алады

II. Мағынаны тану.
а) Балалар, енді осы тірі табиғаттан тек өсімдікті ғана алып, соның тіршілігін, әр мезгілге байланысты өзгерісін бақылайық.
Өсімдік – тірі табиғат. Ол тіршілік ету үшін қандай жағдайлар қажет?(Кесте сызады.)
Өсімдік

су, жылу, қорек, ауа, жарық
ә) Өсімдіктердің қысқы тіршілігі. Мәтінмен жұмыс.
Қазір топ бойынша жұмыс жасаймыз. Әр топ өз атына байланысты қалташықтарды толтырады.
● Көктем
Күн жылына бастайды, қорек алады, күн ұзарады, жер жібиді, сондықтан өсімдік өсе бастайды
● Жаз
Жарық мол, күн жылы, қорек мол, су көп, топырақ жұмсақ, сондықтан жақсы өседі.
● Күз
Жарық азаяды, жылу азаяды, қорек те аз, топырақ тоңазиды, сондықтан сарғайып, қурайды.
● Қыс
Жылу жоқ, топырақ қатады, қорек ала алмайды, жарық аз, сондықтан өсе алмайды.

Қорытынды.
Өсімдіктердің тіршілік етуі үшін қажетті бес жағдай: жылу, жарық, су, қорек, ауа жеткілікті болуы керек. Ал қыста олар мүлдем жетіспейді. Сондықтан өсімдіктер өсуін тоқтатады. Қысқы ұйқыға кетеді. Демалады, яғни жапырақтарын тастайды.

III. Ой толғау. – Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не үйрендіңдер? Неліктен өсімдік тіршілігі өзгеріске ұшырайды?
IV. Үйге тапсырма: Мәтінді пысықтау, дәптерге өсімдіктердің қысқы тіршілігін жазып келу.
V. Бағалау
11 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін дәлелдеу тәсілдерін қалыптастыру
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдік - тірі ағза
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылы, «Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша» КММ - сінің бастауыш сынып мұғалімі Сейсекенова Лаура Байкенжеқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Аңдардың қысқы тіршілігі
Аңдардың қысқы тіршілігі
Астана қаласы, №53 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Разакова Тамара Орынбасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×