Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1-ден 10-ға дейінгі сандар

10 тамыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ертегі ойын сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
2. Психологиялық дайындық.
3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

ІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымызда сынып үш топқа бөлінеді.
Геометриялық фигураларды таңдау арқылы
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Шешімін тауып көріңдер!
а) Математикалық диктант
4+3 =
5 + 4 =
3 + 6 =
10 - 7=
10 – 4 =
8 – 4 =
9 – 5 =
7+2=
«Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын айтады:
Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Таңғажайып оқиға,
Қызық сырын шертеді.
(Қоян сөзін есеп шығару арқылы табады.)
Ерте, ерте, ертеде.... бір ата мен әже болыпты
Атасы: - кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.
Атасы:- қаптың түбін қақ, бауырсаққа ұн табылып қалар.
Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де суытып терезе алдына қояды.
Бауырсақ домалап кетеді...
Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: - жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Ападан да қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: - қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.
Бауырсақ: - жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар!

Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.
Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып берем
- ападан да қаштым, атадан да қаштым,
сенен де аю қашып кетемін.
Бауырсақ: - жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар!

Сергіту жаттығуы
Бауырсақ домалап аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.
Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: - жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді.
Түлкі: - бауырсақты көріп – амансың ба бауырсақ көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы, мен сені жеймін.
Бауырсақ: жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Атадан да қаштым, ападан да қаштым,
Сенен де оңай құтылып кетемін.
Түлкі: оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді.
Балалар сендер сабақтан қандай әсер алдыңдар? (стикерге жазып жабыстыру)

Үйге тапсырма
Бағалау
7 104
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Математика – еліне саяхат
Математика – еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
5 саны мен цифры (презентация)
5 саны мен цифры (презентация)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Абдырахманова Дана Қасымхановна
Төрттен бір бөлік (ширек)
Төрттен бір бөлік (ширек)
Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×