Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

14 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға етістік туралы түсінік беру. Етістікті сөйлем ішінен
таба білуге үйрету;

2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын байыту.
3) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, табиғат сұлулығын сезіндіріп, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық, жеке, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жұбан Молдағалиев

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын жазушыларымыз айтқандай туған тіліміз - қазақ тілі сабағы екен.
Енді сабағымыз сәтті өтсін деп жақсы тілектер, жылы лебіздер білдірейікші.
- Сабақ сәтті өтсін!
- Сабаққа белсенді қатысайық!
- Үлгілі оқушы болып, жақсы баға алайық!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1) 411 - жаттығу «Менің оқу құралдарым» тақырыбына әңгіме құрау, ішінен зат есімді табу.
2) Өткен сабақты пысықтау сұрақтары.
1) Сөз табы дегеніміз не?
2) Зат есім дегеніміз не?
3) Зат есім нешеге бөлінеді?
4) Зат есімнің түрлерін ата?
5) Көптік жалғауларын ата...

Тірек сызба арқылы пысықтау.
Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім

ІІІ Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтаға көктем көрінісі суреті шығарылады.

Ағаш гүлдеді.
Күн нұрын шашады.
Құстар ұшып жүр.
Айгүл кітап оқып отыр.
Көбелектер ұшып жүр.
Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, етістікті шығарып алу.
Етістіктің ережесімен таныстыру:
ІV Оқулықпен жұмыс
412 - жаттығу
Суреттегі адамдардың не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларына сұрақ қою. Ол қандай сөз табы?(Ауызша орындау)
үннің жадын, тақырып атын жазу.
Көркем жазу.
413 - жаттығу
Жұмбақтарды оқып, шешуін табу.(Аю) (Күн) суретін көрсету, сипаттау.
Жұмбақ ішіндегі етістіктерді тауып, сұрақ қою. Астын сызу. Жұмбақты жазу.

Топпен жұмыс
Берілген сөздерге сөйлемдер құрап, сұрақтар қою:
І топ
... … тоқыды.
… … кісінеді.
… … күркіреді.
ІІ топ
… … құйды.
… … серуендеді.
… … оқыды.
ІІІ топ
… … жазды.
… … тыраулады.
… … тазалады.
Оқушылар құраған сөйлемдерін оқиды.
Балалар қазір қандай мезгіл, табиғатта қандай өзгерістер болады.
Сергіту сәтін жүргізу.
Күркіреді күн, күн…
Терезелер шың, шың.
Жауды жаңбыр топ - топ,
Шелек - шелек көп - көп!
Жон арқаңды тос - тос,
Күнбағыс, тез өс - өс.
414 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазу. Қойылған сөздерге сұрақ қою. Тақтаға жаздыру.
415 - жаттығу
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.(ауызша орындау) Етістікке сұрақ қою.
Құс ағашқа қонды.
Жаңбыр сіркіреп жауды.
Асқар су тасыды.
Балалар теңізде жүзді.

Ойын: «Дыбыстарды ажырата білу»
Төрт - түлік пен құстардың суретіне қалай дыбыс шығаруын жазу арқылы бір - біріне қосу(дуниетану, ана тілі сабақтарымен байланыстыру).

V Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауап, топтастыру арқылы қорыту.
- Ал балалар етістік туралы не айтуға болады?
- Не түсіндіңдер?

Үйге тапсырма:
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларды мақтап, мадақтау.
24 208
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Етістік
Етістік
Тақырып: Етістік
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Болымды, болымсыз етістік
Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×