Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы

19 тамыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Жануар тіршілігінің басты ерекшелігі, табиғатта болатын өзгерістердің жануарларға әсері туралы түсінік беру.
2. Жануарлар тіршілігі, олардың бір - біріне қайырымдылығы туралы білімдерін толықтыру, белсенділігін, қиялын дамыту.
3. Аңдарды, құстарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Адам сенің есімің,
Табиғат – тал бесігің.
Қамқоршысы бола біл,
Тимесін еш кесірің.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ұрпақ – тіршілік жалғасы»
1. Мазмұнын әңгімелеу
2. Сұрақ - жауап алысу.

III. Қызығушылықты ояту. Семантикалық картаны толтыру.
Жұптық жұмыс.

IV. Жаңа сабақ.
Сонымен, балалар, жануарлар ұрпақтарына қандай қамқорлық
жасайтынын біліп алдық, ал бүгін жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы турала жаңа сабақ өтеміз.
1. Мәтінді оқып беру
2. Көрнекіліктер арқылы мәтіннің мазмұнын түсіндіру.(Суыр, арқар, шақшақайдың достығы туралы әңгімелеу.)
3. Мәтінді тізбектеп оқыту.
4. Сұрақ - жауап

V. «Ұйқасын тап» ойыны.
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен..... (кірпі)
Өзіне ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде,
Шошаңдайды......... (қарақұйрық)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы........(арыстан)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер...... (қасқыр)
Үні ғажап дүлдүл,
Бақта сайрар.......(бұлбұл)

VI. Сергіту сәті.
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

VII. Шығармашылық тапсырма.
«Аңшы мен бала» атты көрініс.
- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
- Мә, мылтығым, атамысың?
- Атамын.
- Мен дем алып қайтамын. (Бір айналып келеді)
- Құсың қайда қарағым - ау?
- Атпадым.
- Таппадың ба тоғайдан құс?
- Таппадым.
- Көп еді ғой көлде құс?!
- Көп екен.
- Я, неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым. Табиғаттың құстарын да, аңдарын да өзіне қайта сыйладым.
ҮІІІ. «Адасқан аңдар» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
4 665
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Еркеғұлова Айжан Жаулыбайқызы
Жануарлар қалай өсіп - өнеді?
Жануарлар қалай өсіп - өнеді?
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гульсара Кубашевна
Жануарлардың қысқы мекені
Жануарлардың қысқы мекені
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×