Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы

20 тамыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы:
Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы
Сілтеме: Орта мерзімдік жоспар, Дүниетану 1 сынып оқулығы, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың мақсаты:
Өсімдіктер тіршілігі туралы алған білімдерін жүйелеп табиғатты қорғауға қажетті білім біліктерін бекіту, тереңдету. Өсімдік тіршілік иелерінің денсаулығын қорғаушысы екенін ұғындыру
2. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топқа бөлу. Ой туғызу. Миға шабуыл. диалог, әңгімелеу, қызығушылығын ояту.
Күтілетін нәтиже:
Топқа бөлінуді үйрене отырып, қызығушылығы артады; өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптасады, топта бірлесе отырып жұмыс жасайды
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы:
Топқа бөліну, топта жұмыс жасау және постер қорғау, сұрақтарға жауап беру арқылы
Үйрену барысын бағалау:
Формативті

І. І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Суреттер арқылы топқа бөлінеді.(ағаш, көкөніс, гүл, бидай)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Өсімдіктердің көбеюі» сұрақ - жауап алысу.
2. Өткен сабақта асқабақтың дәнін ыдысқа егіп келу тапсырылған еді. Тұқымды еккен күнін бақылау дәптерге жазып қою тапсырылған. Тапсырманың орындалуын сұрау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі
1. Сұрақ - жауап:
- Табиғатты нелер құрайды?
- Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, ағаш, көл, аң, жануарлар.
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатты ата. – Өсімдік, жануарлар, адам.
- Өлі табиғатты ата. – Жер, ай, су, күн, ауа, күннің жылуы, жарығы.
Ендеше өсімдік табиғаттың бір бөлігі екен. Өсімдіктер орманда, далада, тауда да, суда да өседі.

ІҮ. Жаңа сабақ
1.«Ой қозғау» Өсімдіктердің адам өмірінде қандай маңызы бар?(Оқушылардың өз ойларын тыңдау)
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып беру. Слайд арқылы мазмұнын түсіндіру.
Ү. Сергіту сәті.

ҮІ. Жаңа материалды пысықтау:
1 тапсырма ( топтық жұмыс) Постер жасайды және оны қорғайды.
І - топ «Ағаштың пайдасы» (Геометриялық фигуралардан үй және үстел құрастырады)
ІІ - топ «Гүлдер туралы» (Түсті қағаздардан гүл жапсырмалайды, аттарын жазады)
ІІІ – топ «Көкөністер, жеміс - жидектердің маңызы»( Өздерінің жақсы көретін өнімдері туралы)
ІҮ - топ « Бидай» (Ұннан жасалатын тағамдар туралы айтады)

2 тапсырма «Сәйкесін тап» суреттер арқылы (жұптық жұмыс)
Ағаш - тамақ
шие парта
Қызанақ - нан
күріш тосап
Бидай - үстел
ағаш -палау

- Балалар, үйде біздің аналарымыз күнделікті әртүрлі, дәмді тағамдар пісіреді. Сендер тамақ дайындаған кезде көмектесесіңдер ме? Күнделікті тамаққа не қосып әзірлейді? Біздің келесі тапсырмамыз «Үздік аспаз» деп аталады
3 тапсырма (топтық жұмыс) Партаның үстінде түрлі суреттер жатыр.( картоп, қызанақ, асқабақ, қалам, сәбіз, пияз, дәптер, сарымсақ, қызылша, көйлек, орамжапырақ, тәтті бұрыш, велосипед) осы ыдысқа тамақ пісіру үшін қажетті көкөністерді жылдам салу керек. Қай топ жылдам және дұрыс орындаса сол топтың мүшелері «Үздік аспаз» атанады.

ҮІІ. Қорыту:
1. Сұрақ - жауап:
- Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?
- Адам үшін өсімдіктердің қандай маңызы бар екен?
- Өсімдіксіз тіршілік бола ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма
1. Өсімдіктердің суретін салу.
15 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі? Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді?
Өсімдіктер
Өсімдіктер
Оқушыларға өсімдіктің тіршілік ортасы туралы білімдерін қалыптастыру; өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту.
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Өсімдіктердің түрлері жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру; Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×