Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

22 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау (2 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері туралы түсінік бере отырып, түрткі сұрақтар арқылы сыни ойлауға үйрету;
Дамытушылық: Бірлесіп жұмыс жасай отырып, өз ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Алған білім, білігін қолдану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Төрт - түлік, олардың пайдасы тани отырып, жан - жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ, алма ағашы, сандар
Сабақтың әдіс - тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарын аудару
Сыныпта жағымды ахуал тудыру:
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Күнделікті қызықты
- Ал, қазір біз жемістерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеміз
Кезекті сабағымызды бастаймыз.
-- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болып өтеді, Өйткені, байқайсыңдар ма біздің білімімізді көруге ұстаздар қонаққа келіп отыр. Ендеше, бар зейінімізді сабаққа аударып, ден қоялық. Балалар бізге сабаққа сонымен бірге Алдар көсе мен Қожанасыр келіп отыр екен. Олар бос келмей сендерге тапсырмалар әкеліпті.
- Алдар Көсе мен Қожанасыр туралы не білеміз?/ Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері, Алдар ақылды айлакер, зерделі қу, ал Қожанасыр бірде қу, бірде ақымақ, бірде жомарт, бірде аңқау болады/
- Қандай шығармаларын оқыдық? /Үш сом, Қожанасыр мен ашқарақ, Қожанасыр мен Алдар Көсе/
- Балалар, ендеше Алдар мен Қожанасыр бізбен бірге сөз әлеміне саяхатқа шықпақшы. Ендеше біз «Бәйге» ойыны арқылы өзіміздің осы уақытқа дейін өткен тақырыптарымызды қайталап жіберейікші.

«Бәйге» ойыны
1. Сөз неден құралады?
2. Буын неден құралады?
3. Сөз нені білдіреді?
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
6. Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
7. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
8. Түбір дегеніміз не?
9. Қосымша дегеніміз не?
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін мына сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ
Қ
О
С
Ы
М
Ш
А

І топ
1. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде (қалам)
2. Төрт қырлы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.(бор)
3. Жылт - жылт еткен
Жырадан өткен(су)

ІІ топ
4. Көлдің беті көк әйнек.
Сырғанауға тым әйбәт (мұз)
5. Жазда да, қыста да,
Өзгермейтін бір түсте (шырша)
6. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады (қар)

- Міне, балалар олай болса, бүгін біз сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.
Қане бірге бәріміз,
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп - тау мен өзеннен
Бір елге жетіп қонамыз.
Қосымша деп аталар.
Бұл елде мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар,
Қосымшаның түрі бар.
Жаң сөздер жасайтын
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын.
Жалғау атты қызы бар.
(Тақтаға сызбаны іліп қою)

ІІІ. Суретпен жұмыс
- Мынау не?(жылқы)
- Осы сөзге қосымша қосып айтып көрейікші? Жылқы+шы
- Не пайда болды?
- Жылқышы деген сөз нені білдіреді?
- Жылқы бағатын адам..
- Көрдіңдер ме қосымша қосып едік сөз мүлде өзгерді. Басқа қосымша жалғап көрейікші.^. Жылқыда өт жоқ. Бұл сөздің мағынасы өзгерді ме?
- Жоқ. Өзгерген жоқ. Оған қосымшаны не үшін жалғадық?
- Демек қосымшалар әр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөздер пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғанған кезде жаңа сөз есес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Оқу+шы келді. Оқу+лық алдым. Сабақ оқу+ға кірістім.
Оқушы «жаңа сөз», «байланысқан сөз» ұғымдарын түсіне бастайды.

ІV Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып дем аламыз

V. Оқулықпен жұмыс
1 - топ 330 - жаттығу ауызша орындалып, қорытынды жасайды. Ережені хормен оқиды.
2 - топ 331 - жаттығу. Мақалды оқып, талдау. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып жазу.

Өнер+лі жігіт өрде озар
Өнер+сіз жігіт жер соғар.
332 - жаттығу Сөйлем құрап, ауызша сөз құрамына талдау.
Досы, іскер, жұмысшы
Достық күші бірлікте. Жұмысшы жұмысқа келді. Менің ағам іскер.
Тақтамен жұмыс
333 - жаттығу
жұрнақ жалғау
батырлық ғалымның
іскер көмірді
көлшік әжем
биші дәптері
бастық бидайды

VІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі
«Алма»жинау ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Жемістердіжинайық.
Үзіп алып бақтардан
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Алдаркөсеге, жалғау жалғанған сөзді Қожанасырға береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді.
Далада, орындық, күйші, досы, мүсінші, сабаққа, асхана, аязды.

VІІ. Қорытынды. Рефлексия
VІІІ. Үйге тапсырма
«Төрт түліктің пайдасы» тақырыбында, оның пайдасы, күту, қамқорлық жайлы негізге ала отырып, үйде әңгіме жазып келеді.
8 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Түбірдің мағынасын өзгертпейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау деп аталады?
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Пайзова Фарида Конырбаевна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ОЖББМ-Б бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×