Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім – қанатым

31 тамыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – қанатым.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілінің қадір қасиетін біліп, тілдің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл мәдениетін сақтай білуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Сынып сағатының тақырыбы, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Біздің Отанымыз байтақта бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің Құдіреттілігі көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, менде бірге өсемін
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!
Бүгінгі: «Ана тілім - қанатым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Ана тілім - қанатым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1 - оқушы Туған тілім
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім - анам тілім - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі – өз тілім!
Туған тілім - далам тілі – өз тілім
2 - оқушы.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
3 - оқушы.
Сүйемін туған тілді, ана тілін.
Бесікте жатқанда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін:
4 - оқушы.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
5 - оқушы
Ана тілі – бала шағым, өркенім.
Ана тілім - болашағым, ертеңім,
Ана тілім - сайын далам, жер көгім,
Ана тілім - арман атым, өрнегім.
6 - оқушы
Ана тілді білмесем,
Шат - шадыман күлмес ем.
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем!
7 - оқушы
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, мың тірілді елім.
Аралыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің
2 - бөлім:
Ән «Ананың тілі»
Ұйқасын тап ойыны: Мақал - мәтелдердің жалғасын табу
Кішкене парақшалардағы мақал - мәтелдердің ұйқасын табу
Ана тілін білмейтін адам............... (Надан)
Бал тамған тілден........... ( у да тамады)
Тіл тас жарады........... (тас жармаса бас жарады)
Тіл - ақылдың........... (өлшемі)
Аз айтып сұйылтып........... (көп айтып қойылтары жоқ)
Ақынның тілі қылыштан өткір........... (қылдан нәзік)
Ана тілім -........... (дана тілім)
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі........... (қайырады)
Ат тұяғы алтын - алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын - (алысты сұрап табатын).

3 - бөлім
«Мақал - мәтелдер» айтысы
Көрініс: (сахнада киіз үйдің ішкі көрінісі)
Ішке бала кіреді
- Сәлеметсіз бе ата? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.
- «Алыстан алты жасар бала келгенде, алпыстағы қария сәлем береді» деген, қалыңыз қалай?
- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады деген», төрге шығыңыз.
- «Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше», «Бір көрген таныс, екі көрген біліс», «мыңның түрін білгенше бірдің атын біл» деген, танысып отырайық.
- «Қонаққа кел демек бар да кет демек жоқ», «Қырықтың бірі Қыдыр» деген келіп тұрыңыз.
- «Қуыс үйден құр шықпа» деген, алыңыз.
- «Қонағыңнан алтын алма алғыс ал» деген, қане бата беріңіз.
Бата:
- Туған тілім қандай әсем,
Тас бұлақтай тазалығың.
Асқақтай бер, Ана тілім,
Ұйтқысы боп, барлық тілдің!
Ән: «Ана тілім»
Қорытынды:
– Тіл байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз.
– Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз, барымыз. Тіл мерейі - ел мерейі.
– Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
Осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
33 377
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілім
Ана тілім
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×