Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау (23+7, 30 - 7)

01 қыркүйек 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау (23+7, 30 - 7)
Сабақтың мақсаты: 1 Өткен сабақтағы, есептердің әр түрін құру және шығару тапсырмаларын еске түсіре отырып, үйренген қасиеттерді пайдаланып, есептер шығару
2. Алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, логикалық ойлау өрістерін кеңейту;
3. Сауаттылыққа, жылдам әрі дұрыс есептеуге, дұрыс ойлай білуге үйрете отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта пайдалана отырып, слайд - суреттер көрсету
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау.
2. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту
3. Жаңа сабақ:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыста қандай ойындар ойналады? Олай болса қазір біз де екі топқа бөлініп, қысқы ойындардан сайыс өткіземіз. (оқушыларды екі топқа бөлу, әр тапсырмаға қар ұлпасын беріп отыру)
І ойын: «Сырғанақ» ойыны:
- Қай топтың балалары сырғанақты жақсы тебеді екен. Ол үшін мына тапсырманы орындайық
1) №1 есеп:
І сынып – 30 оқушы
ІІ сынып -? 5 артық
Ш: 30+ 5 = 35
Ж: 35 оқушы

2) ІІ сынып – 35 оқушы
І сынып -? 5 кем
Ш: 35 – 5 = 30
Ж: 30 оқушы

3) ІІ сынып – 35 оқушы
І сынып – 30 оқушы? артық
Ш: 35 – 30 = 5
Ж: 5 оқушы

- Балалар, қысқы саябақты қардан тазалау керек екен. Қай топ көп қар тазаласа сол топқа ұпай беріледі:
30 - 7
23+7
13+7
3+7
20 - 7
10 - 7
ІІ. тақтамен жұмыс: 2 - тапсырма
- Мынау қандай ойын түрі? (Хоккей) ендеше біз де хоккей ойынын ойнайық. Негізгі құрал - жабдықтары: дойбы, коньки,
- Әр дұрыс есеп бір «гол» болып есептеледі. Тақтаға жазылған есепті әр топтан бір оқушыдан келіп шығара береді. Қай топтың баласы дұрыс орындаса, сол топтан келесі бала шығады. Есепті көп шығарған топ бұл ойында жеңіске жетеді.
Тапсырманы орындамас бұрын мына сөзжұмбақты шешейік: 1. Милиметр; 2. Литр; 3. Сағат; 4. Килограмм.
1 м - 10дм
1дм – 10см
1м – 100см
1 сағ - 60 мин
1 тәул - 24 сағ
1 жыл - 12 ай
80+5) – 20 *(80+20) - 5
28 сағ*1 тәул. 6 сағ
(50+6)+2* 50+(6 - 2)
28 сағ* 1 тәул. 4 сағ
83см* 8дм 2 см+2см
45дм* 50см +10 см
3 тапсырма: топ басшыларымен жарыс. 4 есепті басшылыққа ала отырып, математикалық сынақхат ретінде жаздыру:
40 - қа 10 және 3 сандарының айырмасын қос;
40 - қа а және 7 сандарының айырмасын қос, мұндағы а= 10
4. Сергіту сәті:
Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 9 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез табады? (6)
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма
Біреуін бер Майраға
Сонда қалмақ неше алма (4)
Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)
Үшеуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма? (6, 8)
4. тапсырма Қыста біздің жақта құстар бола ма? Ол қандай құс? (суықторғай, қарға, сауысқан) ендеше суықторғайдың ұясын қар басып қалып, кіре алмай жүр екен. Соған көмектесейік:
5 есеп: теңдеу құр және оны шеш
26 - х=6
Х - 4=8
Х - 4=12
6 + х=7
10+х=17
қар ұлпасын ашқанда мынандай ұя шығады
5. Бекіту: «Кел, ойнайық!» тапсырмасын орындау: Қар ұлпаларынан аққала жасайық.
Ол үшін мына хаттарды ашамыз, ашпас бұрын тапсырма орындайық. Мына жұмыртқаларда өрнектер бар, соны шығарып, теңдік нешеге тең сол хатты ашасыңдар.

6. Қорытынды: «Кел, ойнайық!» тапсырмасын орындау:
- Бүгінгі сабақта қандай қысқы ойын түрлерін ойнадық?
- Өздерің ойындарыңды қалай ойнадық деп ойлайсыңдар?
- Сендерге қандай тапсырма, қай ойын ұнады?
Оқушыларды жинаған қар ұлпалары бойынша бағалап, жеңген топты марапаттау;
7. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 156
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымын, модасы тақырыбына есептер шығару.
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту. Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, тәрбиелеу.
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Өткенді қайталау (4 сынып математика)
Өткенді қайталау (4 сынып математика)
Қызылорда қаласы, Айнакөл ауылы №175 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Скендирова Анар Болатқызы
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Қайталау
Қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы,Қ. Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Рационал өрнектерді көбейту мен бөлу тарауын қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің математика пән мұғалімі: Нұрымбетова Инкар Атымтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×