Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 санын қосу, азайту тәсілдері

29 қыркүйек 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру.
2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау - жинақтау, қызығушылығын ояту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Сабаққа бейімдеу (көңілді музыкамен оқушылар өздері білетін фигураларды атайды)
Қызығушылығын ояту.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені, бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыңдар?
- Иә, тыңдаймыз.
- Бүгінгі сабағымыз бастан - аяғына дейін «Жеті лақ» ертегісіне арналады.
Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөрте де, бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен, жем іздеп кетеді екен. Кетер кезде үнемі лақтарына:
- Лақтарым, шырақтарым! Шұнақтарым, құлақтарым! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар, - дейді.
Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады.
Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру)
- Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Енді біз ешкіге көмектесейік.
Қасқыр болды қауіпті.
Лақтарды қамап қойыпты.
Қасқыр бізге хат беріп жіберіпті. Ішінде неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір - бірлеп жемей қоя беремін депті. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?
- Иә, орындаймыз.

ІІ. Дайындық кезеңі.
1 – тапсырма.
Ой шақыру: Балалар осы жыл қай жыл? (қоян)
Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.
келді.
кетті.

Үй жұмысын тексеру. Сиқырлы сан ойыны арқылы.
- балалар біз неше лақ құтқардық? (бір)
2 - тапсырма.
Олай болса екінші тапсырманы орындасақ нешінші лақты құтқарамыз?
4+2+4=10
5 - 3+5=7
5+4+1=10
9 - 6+4=7
10 - 2+2=10
4 - 3+6=7
5+5+0=10
3+6 - 2=7

ІІІ. Жаңа сабақ. 7 санын қосу және азайту.
Балалар біз бүгін 7 санын қосу азайту туралы өтеміз. Қазақ халқында ертеден келе жатқан ұғымдардың бірі 7 саны туралы ұғым. 7 саны қасиетті сан болып саналады. 7 саны келсе жақсылыққа балаған. Мынау елімізде басталып жатқан қысқы Азияда ойынының жетінші реткі алауы біздің елімізде жағылып отыр, мұны жақсылыққа балауға болады.
3 - тапсырма.
Математикалық диктант
Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосынды жазу, мәнін табу.
7+1
7+2
7+3
Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу және мәнін табу.
7 - 0= 7
7 - 1= 6
7 - 2= 5
7 - 3= 4
7 - 4= 3
7 - 5= 2
7 - 6= 1

- Біз нешінші лақты құтқардық? (үшінші)
Сергіту сәті: «Кім тез есептейді? Логикалық есеп
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

Бесбайда бар бес іні
Елтайда бар екі іні
Қоссаң бес пен екіні
Неше болар шешуі?

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
7 7 7 7 7 7
(оқушылар екі қатарға көркем жазып біткенше, Астанадағы 7 бөшке тұрғын үйі жайлы қысқаша айтып, слайдтан суретін көрсете кетемін)

4 - тапсырма. Біз бұл тапсырма арқылы 4 лақты құтқаратын боламыз.
7см, 9см, 3см
Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.
Көк - 9см, қызыл - 7см, жасыл - 3см
9см - 7см = 2см
7см+3см = 10см
2см 3 бұзау
4 жылқы > 3 құлын

6 - тапсырма.
Кітаппен жұмыс. Есеп құрастыру.
Үлкен қасық - 10
Кіші қасық - 7
? артық
Ш: 10 - 7 = 3
Ж: 3 үлкен қасық артық

7 - тапсырма.
Сабақты бекіту. Доп лақтыру арқылы.
а. Өрнектің мәнін тап.
7+1=
7+2=
7+3=
7 - 5=
7 - 6=
7 - 7=

б. Санның құрамын анықта.
7 7 7

- Міне лақтарды аман - есен анасына тапсырдық.
- Неше тапсырма орындадық?
- Неше лақты құтқардық?
- Сонымен балалар біз 7 тапсырманы орындап, 7 лақты құтқардық.
- Жарайсыңдар!

Бағалау. Олай болса сендер лақты қалай құтқарғандарыңды лақтың енесі ешкі көріп тұр. Ешкі сендердің еңбектерің үшін сыйлық беріп жіберіпті. Өте жақсы еңбек жасағандарың үшін қызыл жалауша, жақсы еңбек жасағандарың үшін көк жалауша, орташа еңбектерің үшін сары жалауша беріпті.
Үйге тапсырма.
7 саны туралы ұлттық ұғымдар іздену.
7 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Балаларды 7 санының құрамымен таныстыру, 7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
7 cанын қосу және азайту
7 cанын қосу және азайту
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, С.Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Сейтова Райкул Рапашовна
Қосу амалын тексеру
Қосу амалын тексеру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Өтебаева Қалдыгүл Көшенқызы
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Шахта орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×