Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем

29 қыркүйек 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы,
Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл

Тақырып: Көктем
Мақсаты:
1. Көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Сабақты табиғатпен байланыстыру, тіл байлығын кеңейту сөздік қорын молайту.
2. Оқушы танымдылық белсенділігін арттыру. Көктемде өлі табиғат тірі табиғатта болатын өзгерістерге сәйкес бұрыннан білетіндерін толықтыру, дамыту.
3. Оқушыларды табиғатты аялай білуге өз туған жерін сүюге мектепті сыныпты көгалдандыруға шақыру, ой тастау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ – жауап, ой тастау, ой қозғау, стратегияларын пайдалану, топқа бөлу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, мақалдар, ой шақыру стратегиялары,
Пән аралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу.
Өткізген орны: Мультимедиа кабинет.

Сабақтың барысы:
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Достық өлкесінің заңы. Өлең М. Шаханов
а) сұрақ - жауап
б) Бөлімге бөліп оқыту.
3. Үй тапсырмасын слайдтағы сұрақтарды оқып жауап бару.

№1 слайд
а) Ақын бала кезін қалай есіне түсірді?
б) Ол кезде қандай оқиға болған еді?
в) Балалар әжесімен неліктен қорықты?
г) Әжесі неге тез ашуланды?
с) Нағашысы әжесінің қалай қорғады?
4 а) Нағашысы деген кім?
б) Маманың әкесіне сен кім боласың?
в) Ананың мерекесі қай күн?
Г) Наурыз айы қай мезгілге жатады?

5. Ендеше « Көктем» мезгілі туралы ойымызды түйіндейік
Күн мен түн........... Қар ериді.
теңеледі.
Күн жылынады.
Мал төлдейді. Ағаштар бүршік жарады.
Құстар келеді.

- Балалар көктемнің ең алғашқы гүлдерінен қандай гүлдерді білесіңдер?
№2 слайд
- Қараторғай келіпті,
- Үйшік жасап берейік,
- Алғашқы гүл көрікті.
- Бәйшешекті терейік.
- Жақазын.
- Алғаш рет күркіреп,
- Ағыл - тегіл жауса күн,
- Қырға шығар дүркіреп.
- Көктем басы жауқазын.
- Бәйшешек, жауқазын суреттері
Жұмбақ Көктем
1. Қар еріп даланың
2. Аулалардан су ақты,
3. Ақ жүзіндей ананың,
4. Күндер келді шуақты.
5. Бұл қай кезде болады.
6. №3 слайд Көктем суреті.

6. Жаңа сабақ Қ. Мұқышевтың « Көктем» өлеңі
а) Көктем өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнына тоқтала түсіндіру.

№4 слайд. «Көктем» өлеңнің соңғы шумағын слайдтан оқып, мазмұнына сурет салу.
Жасыл, сары, ал қызыл
Неше түрлі гүл теріп,
Қуанса кейбір
Жас шыбықты жүрді егіп.

Салған суреттерін сөйлету.
8. Венн диаграммасы арқылы көктем мезгілін салыстыру.
9. Көктемнің қалай басталатыны, оның алғашқы айларында табиғатта болатын өзгерістерді слайдтан оқып талдайын.

№5 слайд.
1. Көктем нұрын төгіп, көл мұзының еруі.
2. Күн күркіреп, жауын жауып, жерге көктің шыға бастауы.
3. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектің шығуы, сай - саламен аққан су, көбелек ұшып, қаз үйректің көлді шуға бөлеуі.
4. Құстардың келуі, малдың төлдеуі.
5. Өсімдіктердің тірілуі, көктемнің екінші айында «көкек» құсының келуі

№6 слайд
Алғашқы құс «Қараторғай»
Көкек құсының суреті.

№7 слайд
Сабақты мына бір өлең шумағы арқылы аяқтайын
Ауа қандай, дала қандай әдемі
Көктем, көктем, болармысың кәделі.
Сенің мынау ұлан ғайып сыйыңнан,
Туған жердің жасаруда бедері.

11. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
12. Үйге тапсырма: 1) Өлеңді мәнерлеп оқу
2) Көктем тақырыбына сурет салып келу.
3) Өлеңнің мазмұнын әңгімелеу.
20 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Бүршік
Бүршік
Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып көктемгі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, мақтан ете білуге тәрбиелеу.
Шөптегі шық қандай болады
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
Көктем қарбаласы
Көктем қарбаласы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Дина
Дина
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×