Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын тұрғысынан ойлауды қолдану

12 қыркүйек 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҚОЛДАНУ (слайдымен)

Аннотация
Критическое мышление включает развитие таких навыков, как приобретение доказательств посредствам наблюдения и слушания, с учетом контекста, и применение соответствующих критериев для принятия решений. Поэтому ученикам необходимо предоставить возможность для развития навыков наблюдения, анализа, суждения и интерпретации.
Summary
Critical thinking involves developing skills such as acquiring evidence through observation and listening, taking account of context, and applying relevant criteria for making judgements. Pupils must therefore be given opportunities to develop skills of observation, analysis, inference and interpretaion.

Қазіргі таңда алдымыздағы балалардың оқуға деген мотивациясын қалай көтеру керек? Оқушыларды сабақ үрдісіне қалай қызықтыру керек? Білім алуға қалай үйрету қажет? Осындай сұрақтар әр ұстазды жиі мазалайтынын білеміз. Ал, біздің күнделікті дәстүрлі сабақтарымыз арқылы мұндай сұрақтың жауабын табу қиынға соғары анық. Сондықтан оқытудағы көзқарасымызды өзгертуге тура келеді. Ол дегеніміз сабақтағы оқу үрдісінің басты кейіпкері ұстаз емес, оқушы болуы қажет.

«Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетіне шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасай отыра, осы жастағы балалардың ойлау қабілеттерін арттыратындай қандай әдіс - тәсілдер қолдану қажет деген оймен ізденіс үстінде болдым.

Осы тұста В. Г. Белинскийдің: «... ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр.» - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан - жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Менің осы орайда таңдаған тақырыбым «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуда сын тұрғысынан ойлауды қолдану» болды.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сабақ барысында түсінікке сыни тұрғыдан қарап, сонымен қатар өмірде де ойлана отыра шешім қабылдау, ақпаратпен жұмыс жасай алу, талдай білуге машықтандыру.
Осы білімді беруде мұғалімнің алға қояр мақсаты мен міндетін былай айтуға болады. Оқушы - оқу үдерісі – нәтиже.

Сыни тұрғыдан ойлай білетін оқушы сұрақтар қоя біледі.
- Мен не білемін, нені білгім келеді?
- Менің жаңаша көзқарасым, қалай өзгердім?
- Менің қызығушылығым неден артты?
- Мен осы біліммен не істей аламын, кімге көмек қолын созамын?
Алдыма қойған міндеттерім:
1. Сын тұрғысынан ойлаудың теориялық сұрақтарын зерделеу
2. Оқушылардың мектепке алғашқы келгендегі кездегі және оқу барысында диагностика жүргізу
3. Күтілетін нәтижелердің критерийлерін жоспарлау
4. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс - тәсілдерін сабақ барысында жүйелі түрде қолдану
5. Оқушылардың ойлау қабілеттерінің деңгейін анықтау.
Менің оқушыларым не істей алады? Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отыра құру.
«Сыни ойлауға» келсек, бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 004
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Past simple tense. Regular verbs
Past simple tense. Regular verbs
- to revise up the pupil’s knowledge of the Past simple tense; - to practice oral speech; - to develop skills of grammar;
Trains
Trains
Developing: to develop the pupils speaking skills, writing and listening skills by working with texts, analyzing and doing exercises, Up - bringing: to bring them up to be friendly, hardworking, polite and patient
Kazakhstan is my Motherland
Kazakhstan is my Motherland
1. Educational: To teach speak about animals, to work with the text 2. Developing: To develop pupils logical thinking, reading, speaking, listening, and writing skills; 3. Bringing up: To know about animal world, to protect them;
Доклад на педагогическом чтении
Доклад на педагогическом чтении
Тема: «Развитие критического мышления на уроках математики»
Рефлексивный отчет по проведению коучинг-занятия «Применение стратегий критического мышления»
Рефлексивный отчет по проведению коучинг-занятия «Применение стратегий критического мышления»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазанбай Ғалия Тілектесқызы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×