Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз келді

17 қазан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаз келді
Сабақтың мақсаты: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
1. Заттың атын білдіретін сөздермен заттың қимылын білдіретін сөздердің байланысын меңгерту.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойлау өрісін дамыту. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды мейірімділікке, табиғатты қорғап жүруге тәрбиелеу
Көрнекілік: Ережелер, сәйкестендіру, дидактикалық суреттер
Сабақтың түрі: Дамытушылық
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, өздік диктант

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Сергіту сәті

II. Өткен сабақты пысықтау
- Заттың атын білдіретін сөздер (ережесін сұрау)
- Заттың қимылын білдіретін сөздер (ережесін сұрау)
- Мысал келтіру

III. Жаңа сабақ
1) Ережемен жұмыс («Джигсо» әдісі)
Мақсаты: оқушылардың бір – бірінің сөзін мұқият тыңдауға, ережені есте сақтап алуға үйрету
Оқушыларға ережелер бірнеше бөлікке бөлініп беріледі. Ереженің басын бір оқушы бастайды, қалған бөлігін алған оқушылар жалғастырады.
2) Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру
- «Жаз келді» өлеңін мәнерлеп оқу
- Оқушыларға тізбектеп оқыту
- Автор туралы мәлімет беру

Төлеген Айбергенов - 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.
Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959 - 62 ж. Қоңырат аудандағы орта мектепте мұғалім, 1962 - 65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтің өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңғырық, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет - кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай - ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

3) Жаттығу жұмысы
Мақсаты: Алдыңғы сабақтарда алған білімдерін тиянақтау
118 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Көктемде мал төлдейді. Жазда егін шығады. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі. Қыста дала ақ қар жамылады.

4) Сәйкестендіру тесті
Мақсаты: жануарлар мен олардың дыбыстары арқылы сөздерге сұрақтар қойдыру, олардың заттың атын білдіретін сөздер немесе қимылды білдіретін сөздер екенін ажыраттыру
Заттың атын білдіретін сөздер мен қимылды білдіретін сөздерге сұрақтар қойдыру
Арыстан............ боздайды
Түйе................. ақырады
Аю................... мөңірейді
Жылқы............ маңырайды
Қой................. кісінейді
Сиыр............... бақырады
5) Терме диктант
Мақсаты: Сөйлем ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді айыра білуге үйрету
Жаз келді. Оқушылар демалысқа шықты. Жидектер пісті. Балалар далада ойнады

IV. Сабақты қорытындылау
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге мысал келтіру
- Сөйлем ойлату (ауызша)

V. Үйге тапсырма
«Наурыз» тақырыбына шығарма жазу
Бағалау
5 157
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Көп затты білдіретін сөзді тап а) кітап ә) балалар б) киім
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Бастауыш сынып мұғалімі Қарабатырова Қалимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×