Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жиб-Жица күресі

21 қазан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жиб - Жица күресі
Сабақтың мақсаты:
1. Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру.
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ.
Сабақтың формасы: топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылығын ояту.
Балалар, «Балуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі, оның мағынасын қалай түсінер едіңдер?
Ықтимал жауаптар немесе сөздер:
1. заңғар күш иесі
2. Батылдық, алғырлық,
3. Қайратты, күшті
4. Отанын, жерін қорғаушы
5. Мықты, қайсар
6. Өжет, табанды
7. Ер, батыр
8. Алып күш
9. Күш атасы
10. Ерлік
Осы аталған атаулар бойынша әр топ өздері топтың атын анықтап, жазады.

ІІІ. Мағынаны тану:
Қалмақан Әбдіқадыровтың «Жиб - жица» әңгімесі:

1 - топ:
- Автор туралы мәліметті тірек сызба арқылы айту
Әбдіқадыров Қалмақан (15. 4. 1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30. 4. 1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фирдоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В. М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет — 1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.

2 - топ:
- Тірек сызба арқылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірбаянымен танысу.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886 - 1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.

3 - топ:
- Жиб - Жица күресі
Жапонның Жиб - жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяққа - қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір - бірінің денесіне зақым келтірседе жазаланбайды.

ІV. «Дөңгелек үстел» әдісі
1 топқа. Қажымұқан туралы не білеміз?
Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы Қажымұқан туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгендерін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамай керек.

2 топқа. Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер: Қажымұқан, палуан, күрес. Осы сөздерді қатыстыра отырып, топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.

3 топқа: Қажымұқанға мінездеме беру.

V. Мәтінмен жұмыс:
- Мәтінді оқу.
- Жоспар құру
1 бөлім: Қажымұқанның Жапон палуаны Сар - Кек – Ки - мен кездесуі.
2 бөлім: Палуандар арасындағы сайыс
3 бөлім: Қажымұқанның жеңісі.
- «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1 - бөлімі бойынша бір топтан, 2 - бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.

1 - топ:
«Бес жолды өлең» әдісі
Нұсқаулық:
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3. Іс - әрекетті көрсететін үш сөз.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы сөз синоним болуы керек.

2 - топ:
Венн диаграммасы:
● Қажымұқан
● Сар - Кек - Ки
● Екеуі де палуан

3 - топ
Әңгіме мазмұнына сәйкес келетін мына мақалдың екінші бөлігін тауып, мәнін түсіндір.
Қоянды қамыс өлтіреді,
Жігітті намыс өлтіреді.

Қорытынды:
Бүгін кім жайлы білдік?
Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?
- Қазір қандай палуан сайыстары өтіп жүр?
- Барыс палуандар сайысы өтеді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу,
2. Қ. Мұңайтпасұлы туралы реферат жазу
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау, мақақтау.
13 312
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алып күштің иесі – Қажымұқан Мұңайтпасов
Алып күштің иесі – Қажымұқан Мұңайтпасов
Мәтіннің мағынасын түсініп оқу; Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу; Төл сөз бен автор сөзін түрлендіріп жазу.
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Қажымұқан Мұратхан Тәнекеев
Алып Қажымұқан палуан өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету. Есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Мәтінді түсініп оқып, Қажымұқанның өмірі мен күрестегі жеткен жетістіктерін үлгі ету, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Құрманғазы
Құрманғазы
«Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Қалмақан Әбдіқадыров Жиб - Жица күресі (Қажымұқан туралы)
Қалмақан Әбдіқадыров Жиб - Жица күресі (Қажымұқан туралы)
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы. бастауыш сынып мұғалімі Дуйсенбаева Айгуль Тилегеновна
Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров
Жиб - Жица күресі. Қалмақан Әбдіқадыров
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×