Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


К дыбысы мен әрпі

11 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, «К» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік. Оқушыларды К әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау жасау. Дыбыстық талдау жасау.
2. Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, құстар мен ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Логикалық ойлау, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау танымдық кабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, баяндау
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, кеспе әріптер, құстар суреті
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық
- Қарашы, досым
Дайын ба, оқу құралың?
Орнында ма,
Дәптер, кітап, қаламың?
Дайын болсаң,
Басталды міне сабағың

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2 балаға "Емен" мәтінін оқыту, не түсінгендерін сұрау.
- Балалар бұл «Емен» тақырыбын оқығанда қандай дыбыспен таныстық?( е дыбысы)
- Кім айтады е дыбысы қандай дыбыс?
- Неліктен?
- е дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (ел ер, емен, еден т. с. с.)
- өте жақсы
- Ендеше емен сөзін буынға бөлейік (2 буын) е дыбысы қай жерде естіледі?

Актуалдау
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы?
Қандай дыбыстар буын құрайды?
Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а, о, ы, у, ү)
Олар қандай дауысты дыбыстар?
Қандай дауыссыз дыбыстармен таныстық? (т, п, н, ғ, л, р, ш, й, қ, м, д, б, с, ж)

3. Жаңа сабақ
1. Суретпен жұмыс: кітап, кітапхана
2. Кеме - суда не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі. Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек арқылы қозғалысқа келтірілді.
3. Оқулықпен жұмыс
Сөздерді тізбектей оқу. Сөздерге түсінік беру.

«Кеме» мәтінді оқу, мазмұнын ашу.
Жұмбақ жасыру
Еркін самғап ұшсын - деп
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп
Қай құсты біз мақтаймыз?
Көгершін әні.
Музыка пәні мұғалімі Мира Демеуқызы ән ырғағына сай сергіту сәтін өткізеді.

Құстардың табиғаттағы маңызы
1. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде пайдаланады
2. Тазалықшы қызмет атқарады
3. Өсімдіктерді тозаңдандырады

Дәптермен жұмыс:
Балалар біз к дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
К -► көркем жазу
Элементтерімен таныстыру
Үлгі дәптерге к әрпін жазу
Бекіту: Көл суреті. Шалқар көлінің экологиялық жағдайы
Сабақты қорытындылау:
Мадақтау
9 963
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы және әрпімен таныстыру. Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету. Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×