Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымшаның жазылуы

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Сабақтың мақсаты: 1. Түбір мен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіру.
2. Сөздер ойлату арқылы тілін, сөз қорын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету ауызша, жазбаша жазу жұмысы.
Пән аралық байланыс: дүниетану сабағы.
Көрнекілік: слайд, үлестірмелі карточкалар тарату.
Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт:
1 - слайд. Тақтада қыс көрінісі.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыстағы табиғат құбылыстарын атаңыздар?
- Қар жауу, мұз қатады, аяз түседі, боран соғады, қырау қатады, дала ақ мамыққа оранады.
- Жақсы олай болса орынымыздан тұрайық, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілей отыра, мына өлең жолдарын хормен айтамыз,

- Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа туған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,
Біз білімді баламыз.

Ендеше оқушылар бүгінгі көрсеткен білімдеріңді мынадай қарлармен бағалаймын.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
47 - жаттығу. Жаңылтпашты оқу, жатқа жазу, түбірлес сөздің астын сызу.
Шалғышы
Шалғы алды.
Шаңғышы
Шаңғы алды.
1 - топ. Жаңылтпашты оқып, жатқа айтады.
2 - топ. Түбірлес сөзді табады.
3 - топ. Түбірлес сөз дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Артық сөзді тап!»
а). Өнер, өнерпаз, әнші, өнерлі.
ә). Еңбекте, еңбекші, еңбекқор, зейнет.
б). Білім, оқу, білімді, білгіш.
Ереже. Қосымша жалғанғанда түбір сөздер көбінесе өзгермейді.
- Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Енді, оқушылар, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.
Көркем жазу.
Тақтаға 3 - сурет көрсетіледі.
1 минут ішінде сол суреттердің аттарын дәптерімізге жазамыз.

V. Оқулықпен жұмыс.
48 - жаттығу. Күй, жыр сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз. Әрбір қосымшаның жұрнақ немесе жалғау екенін айт.
Күйші, күйге, күйлер.
Жыршы, жырдың, жырлар, жырла.
Ереже. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады.
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
49 - жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.
Сұңқарда, пингвинде, бүркітте, қарлығашта.

ІҮ. Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
50 - жаттығу. Көп нүктенің орнына – лар,- лер,- тар,- тер,- дар,- дер жалғауларының тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Қуыршақтар, өсімдіктер, құлындар.
Шағалалар, өрмекшілер, қыздар.
Кітаптар, жидектер, жүзімдер.

Ү. Бекіту
Оқушылар біз қыста қолымыз тоңбау үшін, қолымызға не киеміз?
Қолғап.
Ендеше сіздермен
«Сыңарын тап» ойын ойнаймыз.
Ойын шарты: мына қолғаптардың сыңарлары әр жерде жатыр. Әр қолғаптың үстінде түбір сөздер жазылған, қолғаптың сыңарын дұрыс табу арқылы қосымша жалғап жазу керек. Түбір сөзге жалғанған қосымша жуан, жіңішке болып келу себебі неде?

ҮI. Шығармашылық тапсырма.
Қыс... қар жауады. Күн суыта бастайды. Жер... мұз қатады. Кейбір құс... жылы жаққа ұшып кетеді. Қыс.. ұйықтайтын аңдар күз.. бастап бойына май жинайды. Май оларды қысқы аштық... да, суық... да қорғайды.

ҮІ. Қорыту
Оқушылар бүгін біз не үйрендік?
1. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымшалар жалғанады?
2. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады?
Сонымен оқушылар түбір мен қосымшаның қалай жазылатынын түсіндік пе?
Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Өмірлерің қыстың аппақ қарындай ақ, таза болсын деп тілей отыра бүгінгі сабақта көрсеткен білімдеріңді мынандай ақ қарлармен бағалаймын.
Олай болса, сабақ мақсатына жетті деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

ҮІІ. Бағалау. Үйге тапсырма
9 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Маңғыстау облысы; Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Ақтөбе қаласы, №1орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Амангалиева Акмарал Сайлауовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×