Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзен және көл. Суды қорғау

12 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл. Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту, суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
2) Өзен, көлдер жайында танымын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу.
3) Қазақстанның өзен, көлдерін білуге және олардың қандай пайдасы екендігін аша келе, табиғатты сүюге, суды қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, жұмбақ шешу, проблемалық жағдай туғызу, поэзиялық сәт
Сабақтың құрал - жабдықтары: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі терезеден
Бізге міне қарап тұр.
Сондай жақсы көңіл - күймен,
Басталады бұл сабақ
Білімді ортаға саламыз
«Бестік»баға аламыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Сұрақ - жауап арқылы:
- Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр? Оларға нелер жатады?(слайд)
1/ Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
2/ Су неше түрде кездеседі?
3/ Жердің неше бөлігін су алып жатыр?
4/ Судың қандай кереметі бар?
5/ Жер асты суларының қандай маңызы бар? Олар қалай пайда болған?
6/ Минералды сулар қалай пайда болды?
7/ Шипалы су дегенді қалай түсінесің?
2. «Жер асты суы.» тақырыбын әңгімелеу.(2 - 3 оқушы)

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жұмбақ шешу
Жазда сылдыр қағады,
Қыста тыным табады. (Өзен)
Еркелеп жатамын,
Қаңтарда қатамын. (Көл)

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өзен және көл. Суды қорғау.» (слайд) Біздің мақсатымыз өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен танысу. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерімізді кеңейту, суды қорғаудың маңыздылығын түсіну. Өзен, көлдер жайында танымымызды арттыру.(слайд)
Жаңа сабақты түсіндіру. Слайд арқылы.
1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.
Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы.(Дәптерге жаздыру)
2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.
3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді.
4) Көлдер. Көлдердің көлемі әр түрлі болады. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Ірі көлдерде теңіздегі сияқты үлкен кемелер жүзеді.
Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін.
Қазақстанда тұзды көлдер:
Каспий, Арал, Балқаш - жартылай тұщы, жартылай тұзды.
Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.
5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді. Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.
6) Суды қорғау. Адам тәулігіне ішуге 2 - 3 литр су жұмсайды.
Басқа қажетіне 10 литрден асады.
Жер бетін үштен екісін су алып жатқанымен су жетіспейді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
(Проблемалық жағдай туғызу)
- Неге деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау.
Мұғалімнің әңгімесі.
Судың жетіспейтініне екі себебі бар:
1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді.
2) Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады.
Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған:
Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек. - Проблемалық тақырып.
- Егер сен табиғатты қорғау министр болсаң не істер едің?

Сергіту сәті
Мақал - мәтелдер
-«Су анасы - бұлақ» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Поэзиялық сәт.
Біздің ақын - жазушыларымыз табиғаттың әсемдік, сұлулық, көркемдік байлығын өздерінің әңгімелерінде, өлеңдерінде жырлаған.
Бүгінгі тақырыбымызға тікелей байланысты Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін ұсынамын.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап, тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген, оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады…
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм болар алуан - алуан балығында..
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.

Ү. Қорытынды. –«Түртіп алу» әдісі
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
ҮІ. Үй тапсырмасы: «Өзен және көл» тақырыбын түсініп оқып, өзен бөліктерін тірек сызба түрінде дәптерге жазу.
ҮІІ. Бағалау
6 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Өзен мен көл
Өзен мен көл
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медетбаева Алтынкуль Мыктыбаевна
Өзен және көл
Өзен және көл
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ы. Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Гульмира
Өзендер. Көлдер. Тоғандар.  Дүниетану 3-сынып
Өзендер. Көлдер. Тоғандар. Дүниетану 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Білімділік: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы, шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер және көлдермен таныстыру.
Өзен және көл
Өзен және көл
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Л
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×