Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды 3 - ке көбейту кестесі (қайталау)

13 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Санды 3 - ке көбейту кестесі (қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 3 - ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру. Көбейту кестесін құруды, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін өздігінен жұмыс істеу дағдысын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім, білік, дағдыларын кеңейту, қиялын, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын, математикалық диктант, логикалық сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Көрнекілігі: көбейту кестелері, үлестірмелі қима қағаздар, көбейту кестесіне байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 7. Өрнектер құр, мәндерін есепте.
4*3 = --------- 12/3= 4 ------- 12/4 = 3 ------ 3*4 = 12
5*3 =
6*2 =
7*2 =
8*2 =

Шығармашылық тапсырма.

III. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта санды 2 - ге көбейту кестесін өтіп, есептер шығардық. Қазір соны қалай меңгергендеріңізді білу үшін сұрақтар қойып өткенді еске түсіреміз.
- Көбейту амалына кері амал?
- Көбейтудің компоненттерін ата?
- Бөлудің компоненттерін ата?

IV. Жаңа сабақ
Санға байланысты даналық сөздер ары - беріде біздің қазақта ғана болса керек. Бабалар қалдырған осынау даналықты ұрпақтан - ұрпаққа аманаттап жеткізу біздің борышымыз. Бүгін алдарыңызға "үш" санына байланысты сөздерді әкеліп отырмыз. Жеті саны туралы айтып өттік. Қазақ ырымдап, жақсылыққа балаған төрт, бес, тоғыз, он бір, қырық сандары туралы алда тағы да мәліметтер беретін боламыз.

1. Үш жұрт: Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
2. Үш байлық: Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
3. Үш қуат: Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
4. Үш арсыз: Күлкі арсыз, тамақ арсыз, ұйқы арсыз.
5. Үш қадірлі: Ырыс қадірлі, бақ қадірлі, дәулет қадірлі.
6. Үш қадірсіз: Жастық шақ қадірсіз, денсаулық қадірсіз, жақсы жардың қадірін білмеу.
7. Үш жамандық: Қан төгу, кісі ақысын жеу, ескі жұртты бұзу.
8. Үш тәтті: Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
9. Үш ақиқат: Қымбат – шындық, арзан – өтірік, дауасыз – кәрілік.
10. Үш қуаныш: Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, жақсы ісіңнің өшпеуі.
11. Үш биік: Билік, дәулет, даналық.
12. Үш тұл: Қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл.
13. Үш кедейлік: Кежірлік, еріншектік, ұйқы.
14. Үш бақытсыз: Жаман ат, жаман қатын, жаман көрші.
15. Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.
16. Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
17. Үш қасиет: Өліде әруақ, малда кие, аста кепиет.
18. Үш тағылым: Мейірімнен сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесапат.
19. Үш зая:
Ақымаққа айтқан сөз зая,
Қараңғыға телмірген көз зая,
Болмашыға қайрылған өмір зая.
20. Үшке тоқтау қыл: Өмірге тоқтау қыл, өлімге тоқтау қыл, көңілге тоқтау қыл.
21. Үш мақтаншақ: Қатынын мақтаған, атын мақтаған, асын мақтаған.
22. Үш жүйрік: Көңіл жүйрік, тіл жүйрік, қол жүйрік.
23. Үш жаман: Тастарманда қатын жаман, көшерменде жұрт жаман, жұтағанда қыс жаман.
24. Үш жау: Шайпау болса қатын жау, қыдырмаш болса қызың жау, тілазар болса ұлың жау.
25. Үш жетім: Ер алмаған қыз жетім, қаз қонбаған көл жетім, шалғыны жоқ жер жетім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Оқушыларға 7 - ге көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, көбейту кестесін құруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануды үйрету.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу
Көбейту және бөлу
16*5, 80: 5 түріндегі көбейту, бөлуді меңгереді.
Санды 4 - ке көбейту және бөлу
Санды 4 - ке көбейту және бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, №18 Ж. Еділбаев атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Домаева Шахизада Абдикаримовна
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×