Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

22 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сәкен Сейфуллин жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты аялауға, мейірімді болуға баулу.
Психологиялық дайындық
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен.

Үй тапсырмасын сұрау
«Қыс» жаттау
Абай Құнанбайұлы (1845 - 1904)

Желтоқсанның он бірі
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы - драматург.
Ол 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген.
Шығармашылықпен белсене араласқан.
1917 жылы “Жұбату” атты тұңғыш әңгімені жазды.
Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жазуға қатысты.
Жазушының көптеген өлең, повесть, әңгімелері бар.

Қызыл шұнақ
Шытынайды тыста аяз -
Қызыл шұнақ үскірік.
Қылшылдайды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.
Ұшан - теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңдап,
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.
(С. Сейфуллин)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 273
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
"Қызыл шұнақ" Сәкен Сейфуллин
"Қызыл шұнақ" Сәкен Сейфуллин
Қызыл шұнақ өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, ҚГТК студенті Батыр Нұрайым Садуахасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×