Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңі

22 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек
Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
Табыс критерийлері:
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.
2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
Күтілетін нәтиже: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстым, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи аламын.
Түрі: танымдық сабақ.
Типі: жаңа білімді меңгеру
Жаңа технология: сындарлы оқыту
Әдіс – тәсілдер: «Ыстық орындық» әдісі, диалог құру, «Өлеңді жалғастыр», ВЕНН диаграммасы. «Өкіл жаттығуы»
Көрнекіліктері: АКТ

Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасы: «Ыстық орындық» әдісі
III. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ашу. Диалог құру.
1. Абай жайлы мағлұмат беру. «Мен не білемін?» оқушылардың ізденіп келуі бойынша деректер алу.
3. Өлең мазмұнымен жұмыс.
4. Сөздік жұмысы.
5. «. Кім шапшаң?».
6. «Өкіл жаттығуы»
IV. Сабаққа кері байланыс, бағалау.
V. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алма, алмұрт, өрік» жаттығуы.
Шаттық шеңберін құру. Оқушыларды алма, алмұрт, өрік етіп бөліп шығу. Шеңберде тұрып орныңды тап ойынын ойнау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық» әдісі арқылы.
1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?
3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?
6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

Жаңа сабақ: (Тақтаға немесе интерактивті тақтаға)
«... Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз»
- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
- Абай ата туралы не білеміз?
- Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.
Абайдың шығармалары:
• Ғылым таппай мақтанба
• Интернатта оқып жүр
• Пайда ойлама, ар ойла
• Жасымда ғылым бар деп ескермедім
• Әсемпаз болма әрнеге
• Жазғытұры
• Жаз
• Күз
• Қыс
• Желсіз түнде жарық ай

Сабырсыз, арсыз, еріншек
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан, алауыз.
Өзін - өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір - ақ секіріп шығам деп,
Бір - ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады.

Сөздікпен жұмыс
Алауыз – береке, бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Күндейді — қызғанады.
Мертігеді – бір жері шығады.
Міндейді – мін тағады, жамандайды.

«Кім шапшаң?» ойыны.
Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр
• Жағымды - Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды...
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым...
• Жағымсыз - Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ...
Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.
«Өкіл жаттығуы» әдісі.
І топ – «Абайдың өлеңдері»
ІІ топ – Абайдың 3 - ші қара сөзін оқып, түсінгенін айтады.
ІІІ топ - Абай аудармаларынан мысалынан көрініс көрсету.
Кері байланыс: «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру
Бағалау: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына формативті баға береді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жатқа айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 623
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Абай: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" Абай Құнанбаев
"Сабырсыз, арсыз, еріншек" Абай Құнанбаев
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сұттіқұдық ауылы, № 52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мүспенова Күлшара
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×