Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа және ауа райы

26 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауа және ауа райы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауаның не екендігі туралы мәлімет беру, ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу.
Дамытушылық: Сабақ барысында дүние танымын, ой - өрісін, зейінін, қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ребус, стақан, шар, доп, жұлдызшалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз»,
Баршыңызды құрметтеп!
Бас иеміз біз.
- Оқушылардың назарын өзіме аудару.
- Психологиялық дайындық
Допты лақтыру арқылы оқушылар бір - біріне жылы лебіздерін, жақсы тілектерін айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
57 - 58 бет «Суды қорғау тақырыбы»
2 - 3 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау.
Қалған оқушыларға сұрақтар қойып білімдерін тексеру.
1. Табиғаттағы сулар қалай ластанады?
2. Суға қандай зиянды заттар түседі, олар ағзаларға қалай әсер етеді?
3. «Арал қасіреті» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырып
Мақсат қою
- Балалар, біз сусыз тіршілік жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен. Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана тіршілік ете алады екенбіз.
Біз ауамен демаламыз. Ауа бізді қоршап тұр. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес екен.
- Біздің бүгінгі тақырыбымыз не жайында болатынын білу үшін мына берілген ребусты шешіп көрейік.
- Қандай сөз шықты?
- Ауа
- Ия, дұрыс айтасыңдар бүгін біз ауа жөнінде айтатын боламыз.
- Жер шарының айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Ол - жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Адам үшін ғана емес, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне де ауа қажет. Ауа жерді күндіз қатты ысып, түнде қатты суып кетуден сақтап, зиянды күн сәулелерінен қорғайды. Күн сәулелері ауа қабатынан өткенде, зиянды заттардан тазартады.
Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды.
- Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78 % - ы азот, 21 % - ы оттегінің үлесінде.
- Біздің планетамыз жер - мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Ауа - жер бетіндегі тіршіліктің көзі. Өзіміз оны әдетте байқамаймыз. Алайда ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмас едік. Адам өміріне ең қажетті ауа дедік.

- Балалар «Ауа» деген ұғымды естідіңдер.
- Ол қандай?
- Оны қалай сезесіңдер?
Тәжірибе жасау:
- Мұрныңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар, ішіңнен сана.
- Біз сыныпта тақтаны, партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре алмаймыз. (ол түссіз)
- Енді біз доппен, шармен тәжірибе жасалық.
- Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның (сығылуы).
- Допты еденге ұру, қайтара ыршуы - бұл (серпілуі).
- Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер пайда болғанын көреміз, бұл ауа.
- Бетімізді дәптерімізбен желпілдетсек не байқаймыз?
- Ауаның жел боп бетімізде сезілуі
- Балалар, осы тәжірибелерді жасаған кезде не байқадыңдар?
(Шарды ауамен толтырдық, сығылды, кішірейеді. Доп серпілді, ауаның қозғалысы)

ІҮ. Сергіту сәті
Жел соғады бетіме,
Теңселеді ағаштар.
Жел тоқтап, басылады,
Ағаш бойын жазады.

Ү. Сабақты бекіту
Ойын: «Тақия тастау»
Оқушылар бір - біріне жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алады.

Дәптермен жұмыс
Суретке қарап шағын эссе жазу (ауаның ластануы)
ҮІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІ. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды жұлдызшылармен марапаттау, қандай баға алғандарын айту.
6 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Етістікті пысықтау
Етістікті пысықтау
Оқушылардың етістік туралы ұғымдарын пысықтай отырып, өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту; Оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Ауа және ауа райы
Ауа және ауа райы
Ауа қасиеттері туралы білімдерін тереңдете отырып, ауаның жер үстіндегі қозғалысы туралы түсініктерін қалыптастыру
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×