Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Амалдардың орындалу реті

01 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырып: Амалдардың орындалу реті
Сабақтың мақсаттары:
а) Жақшаның ішіндегі амалдардың алдымен орындалу ретін анықтауға есептер шығарту. Екі таңбалы сандарды оқуға машықтандыру.
б) Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілетін, өз беттерімен жұмыс істеуін, ізденушілігін дамыту.
в) Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: есептеу, топпен жұмыс, зерттеу, шығармашылық.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сөзжұмбақ, тест, кубик, баян.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сабаққа керекті құрал - жабдықтарын алғызу. Сыныпты топқа бөлу.
«А» тобының басшысы:
«Ә» тобының басшысы:
«Б» тобының басшысы:

ІІ. Өткенді пысықтау.
Қане, балалар, өткен тақырыпты пысықтау мақсатында біз сендермен сөзжұмбақ шешеміз.
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Ж
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. А
3. Ондықтан құралған санды ата. Қ
4. Бір таңбалы сан. Ш
5. Кемітетін амал. А
Балалар, сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты? Дұрыс айтасыңдар жақша. Сонымен өткен сабақты еске түсірейік. Егер жақшалы амал кездессе, алдымен ненің іші орындалады?
Ия, жақшаның іші екен.
Тақтаға үш жақшалы амалды есептер беріледі де, әр топтан үш оқушы шығып, өткен сабақты пысықтайды.
(4+2)- 2=
3+(5 - 3)=
10 -(3+3)=

ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.
Бірінші тапсырма: «Арифметикалық диктант»:
1. Төрт пен үштің қосындысынан екіні азайт.
2. Қырық пен отыздың қосындысынан жиырманы азайт.
3. Сегізге жетімен алтының айырмасын қос.
4. Сексенге жетпіс пен алпыстың айырмасын қос.
Екінші тапсырма: Салыстыруға байланысты тапсырма:
Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, қоржыннан асық алады. Сол асықтың нөміріне байланысты есептер беріледі. Әр топ өз есебін шығарады.

IV. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Бестік баға алайық
Қуанып үйге қайтайық.
Математикалық қызықты есеп.
Үшінші тапсырма: «Кубизм».
Әр топтың алдына кубик берілген, сол кубиктегі берілген теңдеуді шығару керек. Егерде музыка кілті түссе, ән айтады.
Х+9=10
10 - х=1
х - 1=9

V. Музыка кілті.
Төртінші тапсырма: Әр топқа есептің шарты беріледі. Соған әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға орындайды.
1 - топ
Бірінші ыдыста 10 қызанақ
Екінші ыдыста? 4 қызанақ артық.
Екінші ыдыста неше қызанақ?

2 - топ
Бірінші ыдыста 10 қызанақ
Екінші ыдыста 14 қызанақ
Барлығы неше қызанақ?
3 - топ
Бірінші ыдыста? 4 қызанақ кем
Екінші ыдыста 14 қызанақ
Бірінші ыдыста неше қызанақ?
Бесінші тапсырма: «Кім шапшаң?» ойыны арқылы орындату.
Әр толық ондықпен 8 дің қосындысын жазу.

VI. Сабақты бекіту.
Шығармашылық тапсырма беріледі.
Тестік қималар таратылады:
1. (6+2)+2
А. 8
Б. 10
С. 4

2. 10 -(3+4)
А.7
Б 6.
С. 3

3. 3+(8 - 4)
А.5
Б. 4
С. 11
Ал, балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса несімен?

VII. Бағалау.
Сабаққа өте жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мақтау - мадақтау әдістерімен бағалау.
7 002
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын пысықтау, есептер шығару, өткенді қайталау. Көбейтудің қасиеттері, амалдардың орындалу реті жайлы білімдерін жетілдіру.
Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Амалдар саны төрттен артық болатын жақшамен және жақшасыз берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау және мәнін табу; Натурал сандарға амалдар қолдану қасиеттерін үйрету және пысықтау;
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар
Амалдардың орындалу реті. Жақшалар
Жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру
Амалдардың орындалу реті
Амалдардың орындалу реті
Бастауыш сынып мұғалімі: Амантаева Ләззат Рахменияқызы
Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті
Екі амалдан тұратын жақшасы бар өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Қарашатау орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Малайдарова Гүлнар Нағашыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×