Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

15 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі (слайдымен)
Білімділік: М. Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Дана жазушының ұлылығын, кеменгерлігін дәріптеу, оқушылардың өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары - ой қозғау, мағынаны ажырату, кубизм стратегиясы, топтық жұмыс,
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топтық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, постер, суреттер.
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар: компьютер, проектор, электронды оқулық маркерлер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
 Сәлемдесу;
 Психологиялық тренинг;
 Топқа бөліну. (І топ, ІІ топ, ІІІ топ)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Мұхтар Әуезов. « Жетім»
Мәтінді бөлімге бөлу
1. Жалғыз жаяу
2. Қасымның әжесінен айрылып қаралы күйге түсуі.
3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
4. Тау ішіндегі қорқыныш.
5. Ағашқа қатып қалған бала.

• Негізгі кейіпкер кім?(қасым)
• Қасымның тағдыры неге қиын болды?
• Әңгіме неліктен жетім деп аталған?(панасыз)
• «Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?

ЖЕТІМ

панасыз
жанашыры жоқ
жалғыз
ата - анасы жоқ
тұрмысы жоқ
қорғансыз

• Оқиға желісі
Қасымның өмірден көрген қиыншылығынан басталады
• Немен аяқталады
Қорқыныштан жүрегі жарылған Қасымның өлімі.
• Шығарманың идеясы
Жетім көрсең жебей жүр, демекші жетім дерге көмек беру
Бағалау: «Бағдаршам»

Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту.
Ребус.
- Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады - деп жазды Ахмет Әуезов.
Бұл әңгіме Ахмет Әуезовтың «Бала Мұхтар» естелік кітабынан үзінді. Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезов.
- Сіздерге үй тапсырмасына Ахмет Әуезов пен Мұхтар Әуезов туралы қосымша мәлімет дайындап келу тапсырылған болатын.

Ахмет Әуезов (1897 - 1974), Мұхтар Әуезовтің тетелес інісі, 15 күндей айырмашылығы бар. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Мұхтардың әкесі Омархан, кіші әйелі Сақыштан Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет туған. Бұлар бірге өседі, атасы Әуездің тәрбиесін бірге кереді. Алғаш ауылда хат таныған олар Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі 5 сыныптық орыс мектебінде, одан соң оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет әр түрлі қызметтер атқарады. 20 - 30 - жылдардың саяси ағымына байланысты Қазақстанның оңтүстік облысына қоныс аударады да, өмірінің соңына дейін сонда тұрып қалады. 1917 ж. Абайдың Ойқұдықтағы ауылында Әйгерімнің екі отауын біріктіріп, Әуезовтің режиссерлік, суфлерлік етуімен қойылған «Еңлік - Кебек» пьесасында Еңліктің рөлін ойнады. Кейін Ахметтің«Әсердің әсері бар» («Қызыл ту», 1967, 24 қараша), «Сұлу да шырқау үнді жазушы» («Коммунизм таңы», 1967, 9 желтоқсан), «Бала Мұхтар» («Жазушы», 1967, 50 - бет) дейтін естеліктері жарияланды.

ІІ. Мағынаны тану.
Ой қозғау. (5 мин)
І топ: М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру.
ІІ топ: Абайды әлемге танытқан Мұхтар.
ІІІ топ: Ұлы адамдардың естеліктері

ІІІ. Мұхтар Әуезов туралы деректі фильм.

- Мұхтар Әуезов кім?
- Қай жылдары аралығында өмір сүрген.?
- Кімнің тәрбиесінде болған?
- Шығармалары қандай?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. (5 мин)
Мәтінді іштей оқу.

Кубизм стратегиясы
Суреттеңіз.
1. Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?
Зерттеңіз.
1. Мұхтарды кішкене кезінде кім деп атаған?
2. М. Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді?
3. Атасының аты кім?
4. Атасы қандай жырлар мен ертегілерді айтып берді?
Салыстырыңыз.
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
Қолданыңыз
1. Естілген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
2. Мазмұнын әңгімелеу.
3. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?

V. Дәптермен жұмыс (3 мин)
1 - топ. Мұхтарға үйреткен Абайдың қара сөзін тауып жазу.
2 - топ. Мұхтар тыңдаған жырлардың атын тауып жазу.
3 - топ. Оқу - білім туралы мақал - мәтел жазу.

Сергіту сәті

Бекіту тапсырмалары (5 мин)
Постер қорғау.
1 - топ. Мұхтарға мінездеме
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.

2 - топ. 5 жолды өлең (Мұхтар)
Кім? Мұхтар
Қандай? Ұқыпты, сауатты
Не істеді? Тәрбиеленді, жазды, оқыды
Сезімді білдіретін сөйлем
- Мұхтар Абайдан тәрбие алды.
Синоним жазушы

3 - топ. Жоспар құру.
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.
ҮІ. Қорытындылау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 970
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Жетім М. Әуезов
Жетім М. Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Қазақ халқының мәдени ерекшелігін әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы шығармасымен таныса отырып, оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×