Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалдықты табуға арналған есептер шығару

16 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Есептер (қайталау)
Мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту.
2. Оқушылардың ақыл - ойын, ой - өрісін дамыту. Қателеспеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу.
3. Халқымыздың салт - дәстүрлерін жалғастыруға, үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, магнитофон, телефон, диктофон, гүлдер, мультфильм.
Сабақтың түрі: қайталау.
Әдістері: Сұрақ - жауап, ойын.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бүгін бізге қонақтар келді. Қонақ келгенде не істейміз? (сыйлаймыз)
Қазақ қонақжай халық. Қонақ зерігіп кетпес үшін не істейміз? (әңгіме айтамыз, ойын ойнаймыз)
Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? (қыз қуу, аударыспақ,.....)
Ендеше, бүгін ойын түрінде өткен сабақтардан алған білімдеріңді қайталап, пысықтаймыз.
(Осы кезде телефон шырылдайды.) Үнтаспадан: Алло! 3 сынып па?
- Математика сабағы ма? (Иә, сіз кімсіз? )
- Мен байланыс қызметкерімін. Жаңа ғана біздің телефон станциясына шифрограмма келіп түсті. 3 сыныпта жолданған хабар. Қазір сіздердің интерактивті тақталарыңызға түсіремін. Сонда берілген тапсырмаларды орындасаңыздар, ол шифрограмманы оқисыңдар!
Іске сәт! Сау болыңыздар!

2. Ауызша есептеу
64х1: 4+4 (5) жиырма
400х1: 20 (6) жиырма
4х8 - 2 (2) отыз
20+60 (2) сексен
100х10 (1) мың
4х9+24 (1) алпыс
900х1: 3х3 (1) тоқсан
800: 40 (2) жиырма
100 - 10 - 10 (3) сексен
420: 7 (1) алпыс

- Орамал тастамақ ойының ойнай отырып, бұл тапсырманы ауызша есептейміз! (Кезек - кезек орамал тастап отырып жауаптарын айтқызу.)
- Шифрограммада қандай сөз жазылған екен? (математика) - Математика сөзін оқығанда сендерге қандай ой келеді? Не елестейді?

МАТЕМАТИКА – ғылым, оқулық, сан, есеп, қосу, көбейту, фигуралар, таңбалар, тапсырмалар

- Иә, балалар, математика дәлдікті қажет ететін ғылым, бұл жерде қателесуге болмайды. Қателессек не болады деп ойлайсыңдар? (оқушылар жауабы)
- Қане, осы туралы мультфильм көрейік!(мультфильм «В стране невыученных уроков»- үзінді)
- Міне балалар қате шығарған, ұқыпсыз оқушылармен не болатынын көрдіңдер. Есепті ойланып, қатесіз шығару керек екен. Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз,

Сәуірдің 23 - і. Сынып жұмысы. Көркем жазуға 23 деген сан.
Ендеше,
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық!
- Деп ары қарай оқулықтың 129 бетін ашамыз. №2 тапсырма. Тапсырмада не берілген? (мысалдар, өрнек) Сонда берілген амалдарды орындаймыз.

«Бәйге» ойыны. Қай қатар тез, қатесіз орындаса сол бәйгеге ие болады.
І қатар 1000 - 606 45х3
132+43 141х3
397+499 97х4
ІІ қатар
91+378 195: 3
13+909 942: 2
906 - 46 630: 2
Бірінші орындап болғандарға гүлдер ұсынылады.

«Қыз қуу» ойыны. 1 - қатардан қыз, 2 - қатардан ұл шығамыз. Есеп №4
А) Бары – 1 кг. (1000г.)
Алынды – 120 гр - нан 3ст.
Қалды -? г
Шешуі:
120х3=360 (г. алынды)
1000 - 360=640 (г. қалды.)
Жауабы: Пакетте 640 г. қант қалды.
- Қандай есеп шығардық? Қалдықты табуға арналған есеп. Килограммды граммға айналдырдық. (үлкен салмақ өлшемін кіші салмақ өлшеміне айналдырдық).

Ә) 5/1 бөлігі – 12 дм
Ұзындығы -? дм
Шешуі:
12х5 = 60 (дм)
Жауабы: Таспаның ұзындығы 60дм.
- Байқайық, кім бірінші келді екен! (Гүл ұсыну).

Б) Жұмсады – 1сағ. 5 мин (65 мин.)
Есеп - 20 мин
Шығарма -? мин
Шешуі:
65 - 20 = 45(мин)
Жауабы: Шығарма жазуға 45 мин. кетті.

В) Сияды – 120л
Алынды – 12л - ден 6шелек
12Х6 = 72 (л алынды)
Қалды -? л
120 - 72 = 48(л қалды)
Жауабы: Бөшкеде 48 л су қалды. Жеңіске жеткені марапатталады.

Сергіту сәті: «Айгөлек» әніне қимыл жасап демалу.
«Көкпар» ойыны. №5 теңдеу.
І қатар
5хУ =140 - 70
630: Х =18х5
ІІ қатар
200 - Х = 116: 4
980 - Х =45+347+103

Марапатталады.
«Аударыспақ» ойыны. Бұл ойында сөзжұмбақты шешеміз. Сұрақ қойылған қатар жауап бере алмаса, кезегін басқа қатарға береді.
1 ПЕРИМЕТР
2 ЕСЕП
3 ШЕҢБЕР
4 АУДАН
5 ӨРНЕК
6 ТЕҢДЕУ
1. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы деп нені атаймыз?
2. Шарты, сұрағы, шешуі және жауабы деген бөліктерден не тұрады?
3. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны деп нені атаймыз?
4. Ұзындық пен енін көбейткенде нені табамыз?
5. Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу қалай аталады?
6. Құрамына енген әріптің мәнін табатын теңдікті қалай атаймыз?
Әр дұрыс жауапқа гүл ұсынылады. )

«Жорға» ойыны. Кім ұшқыр ойлы? №7 тапсырма. Оқушыларға оқыту. - Не белгілі?
Егер Жандос қызыл да, көк те футболканы алмаса, онда қандай футболканы алды? (Жасыл) Ендеше жасыл футболкада кім? ( Жандос). Мәди қызыл түсті жейдені алмаса, сонда қай түсті жейдені алды?(көк) Олай болса, қызыл жейдеде кім?(Әлібек) Сонымен, қызылда - Әлібек, жасылда – Жандос, көкте – Мәди.
- Балалар қонаққа барғанда үйге не әкеледі? (сарқыт) Біз де осы сабақтан үйге сарқыт ала барайық?

Үйге тапсырма:
Бағалау: Жиналған гүлдерге қарап, кімде көп гүл болса, ол сабаққа белсенді қатысқаның білдіреді, сондықтан оған «5»..........
«5» - көк ұшбүрыш, «4» - сары үшбұрыш, «3» - жасыл.

Жүйрік екен аты.....
Аяңдамай желеді
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді.

Білмей қалған жерлерін
........... мықтап миға тоқиды
Бүгін «4 - ке» оқыса
Ертең «5 - ке» оқиды.

Айтқанына.......
Көңіліміз толмады,
Сабаққа белсенді қатыспады
Онысы дұрыс болмады.
Қорытынды: Бүгін сабақта не істедік? Ендеше, осы
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына
10 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Теңдеулер жүйесін шешу. (9 - сынып)
Теңдеулер жүйесін шешу. (9 - сынып)
Теңдеулер жүйелерін тәсілдерін қайталай отырып, есептер шығару. Есте сақтау қабілетін, ойлау логикасын дамыту. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Математикадан сабақ топтамасы
Математикадан сабақ топтамасы
Матемтаика пәні мұғалімі Отарбаева Сәнім
Қайталау – білім анасы
Қайталау – білім анасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×