Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Батыр Бауыржан» Мәлік Ғабдуллин

17 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Тақырыбы: «Батыр Бауыржан» Мәлік Ғабдуллин
. Мақсаты: М. Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» деректі әңгімесімен таныса отырып, оның мазмұны мен идеясын ашады.
Міндеттері: 1. Отансүйгіштікке, намысшылдыққа, батылдыққа тәрбиеленеді;
2. Шығармашылығы, тіл байлығы дамып, ой - өрісі кеңейеді;
3. Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат алады, батырлық туралы түсінеді, топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақ түрі: ашық сабақ.
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: Бауыржан туралы слайдтар.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: бағалау фишкалары, полотно, А - 3 қағазы, фломастер, компьютер, проектор.
Стратегиялар: топтастыру, болжам

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті:
- Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
«Ұят емес үйренуге ұмтылған,
Ұялғайсың надан - найыз ғұрпыңнан»
/ оқушы мағынасын ашады /

2. Үй тапсырмасын қайталау.
а/ «Нұркен» өлеңін жатқа сұрау;
ә/ Сұрақтар: - Нұркен кім болған?
-«Аңсап көкті жасынан, еркін қаққан қанатын»- деген өлең жолдарын қалай түсінесің?
- Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді?
- Нұркен Әбдіров қандай ерлік жасады?
- Оны елі қалай бағалады?
- Нұркен секілді адамдарды кім дейміз?

3. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
«Батыр қандай адам?»- сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріңдер?
/ Әр топтан бір оқушы өздерінің жұмыстарын қорғайды./
Сұрақ: - Батыр қай кезде сыналады? / соғыста, ел басына күн туғанда./
- Соғыс деген не? / Әр топ бірлесе отырып суретін салады немесе сызба арқылы түсіндіреді /.
Сұрақ:
- Ұлы Отан соғысы қай кезде болған?
- Ол туралы не білесің?
- Осы соғыста ерлік көрсеткен батырларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген, олардан кімдерді білесіңдер?
- Біздің ауылда осы адамдардың атындағы көше немесе мектеп бар ма? / оқушы пікірлерін тыңдау /
- Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова туралы не білесіңдер?
- М. Мәметова - Кеңес Одағының Батыры, соғыста пулеметші болған.
- Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін
Оқ борап снарядтар қаққанда ызың,
Сонда да қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның
Бойында күш жігері тасқын оның
Ерлермен тізе қосып шабуылда
Есігін Ұлы майдан ашты жолын.

Б. Момышұлы. / слайдтар көрсету /
Өмірдерек: 1910 ж. 24 - желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Анасынан 3 жасында айрылған ол әжесінің тәрбиесінде болған.
Соғыс басталғанда 1941 жылы 316 - атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі. «қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады./1942ж, 6/06/
1982 жылы 10 - маусымда Алматыда дүниеден өтеді.
Кітаптары: «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя» т. б.
1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда Бауыржан Момышұлы туралы жазған Мәлік Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» деректі әңгімесімен танысамыз.

2. Мағынаны тану:
а/ Оқулықтан 131 - беттегі «Батыр Бауыржан» деректі әңгімесін іштей оқу;
ә/ Сөздік жұмысы. Түртіп алу әдісі арқылы түсініксіз сөздерді тауып анықтама береміз.
Деректі әңгіме - нақты болған оқиға туралы әңгіме.
Полк - әскери бөлімше
Бекініс - жаудан қорғанатын орын.
Б/ Топпен жұмыс: бөліктерге бөліп оларға ат қой.

Үлгі: 1. Волоколамск стансасында.
2. Қазақ командирлерінің жиыны.
3. Қазақ баласы - ар мен намыс иесі.

Үлгі: 1. Командирлер мәжілісі.
2. Бауыржанның үндеуі.
3. Намысты ерлер уәдесі.

в/ Рольге бөліп оқу.
Сұрақ: - Әңгіме авторы кім?
- Басты кейіпкері кім?
- Тағы қандай кейіпкерлер бар?
Г/ «Авторға сұрақ қою»
Автор орындығына бір оқушы отырып, қалған оқушылар оған сұрақ қояды.
Сұрақтар: - Бұл әңгімені жазудағы мақсатыңыз не?
- Соғыс кезіндегі қазақ жігіттерінің ауызбіршілігін, ынтымағын, намысқойлығын, Отаны, елі үшін жанқиярлығын айтқым келді.
- Бізге қандай ақыл берер едіңіз?
- Сіздер батырлар өмірін үлгі етіп, елін, жерін қорғай білсе екен деймін.
Ғ/ «Болжам жасау» стратегиясы.
Слайд. «Олар қазақ баласы - ар мен намыс иесі» деген атақты абыроймен ақтауға анттасқандай болып тарасты».- Балалар ары қарай не болды деп ойлайсыңдар?
Ұлы Отан соғысы туралы слайдтарға шолу.

3. Ой - толғаныс.
1. Мәтін ішіндегі мақалдың мәнін аш.
- Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Алтау ала болса ауыздағы кетер.
- Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді.
- Ел намысы - ер намысы.
- Қазақ баласы - ар мен намыс иесі.
2. Бауыржанға мінездеме бер.

3. Шығармашылықпен жұмыс.
«Бауыржан атаға хат» тақырыбымен өлең құрастыр.
Сіз жасаған соғыстағы
--------------- ұлы ғой.
Бастан кешкен ғұмырыңыз,
---------------- толы ғой.

4. Кестені толтыр: Әр кезең батырларын жаз. /парақ тарату/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Батыр баба – Бауыржан
Батыр баба – Бауыржан
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Толқын ауылы, «Толқын орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Бейсенбек Ғалия
Мәлік Ғабдуллин "Батыр Бауыржан"
Мәлік Ғабдуллин "Батыр Бауыржан"
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур Сағындыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×