Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенді пысықтау

21 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 2 сынып
Тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру, алған білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Әсемдікке баулу, алға қойған мақсаттарына жетуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (саяхат сабақ)
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік, топтық жұмыс
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, оқулық.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- түгендеу;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

2. Психологиялық дайындық:
Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

- Балалар бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы болмақ. Яғни, Астана жас қаламызға саяхат жасап, түрлі тапсырмалар орындаймыз.
- Саяхатымызды бастау үшін алдымен ауа – райын біліп алайық. Күн ашық болу үшін тапсырма орындаймыз. Яғни, біз бүгін күннің үстін басқан бұлттардан арылтамыз. Әр бұлтты алып, артындағы тапсырманы орындаймыз. Күн бұлтты болса саяхатқа шыға алмай қаламыз.

19 + 9 = 28
37 + 7 = 44
55 + 8 = 63
50 - 8 = 42
64 + 16 = 80
30 - 7 = 23
28 + 32 = 60
46 + 14 = 60
60 - 5 = 55
75 + 5 = 80
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Биыл Астанаға неше жыл толды?
- Біздің Елбасымыз кім?
Олай болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейіне бару үшін автобусқа отырамыз. Бірақ автобус жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана автобусқа отырады»- дейді.

3. Үй тапсырмасын тексеру
- Барлығымыз тапсырманы орындадық па?
- Олай болса балалар, сендерге сәттілік!
Ал, енді тақтадағы күнге назар аударайық, не жетіспейді? (күннің шуақтары) Олай болса, үйге берілген есептердің жауаптарын айтып, күннің шуақтарын жабыстырамыз. Саяхатымызды бастайық.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейіне саяхат
(сипаттама беру)

4. Дәптермен жұмыс (көркем жазу)
1 - тапсырма
а) Болғаны – 200 теңге.
Сатып алынды: сүт – 95 теңге
тоқаш – 45 теңге.
Қалды -?
Шешуі: 95+45=150
200 - 150=50
Жауабы: Қалды 50 теңге

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
2 – ге көбейту кестесі
2 – ге көбейту кестесі
«Тараз қаласы, М. Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектібаева Жұлдызай Икарамқызы
Білімді тиянақтау
Білімді тиянақтау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, «Талдыбұлақ» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тайсалова Роза
Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Достілеуова Әсем
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Карабаева Зайтуна Маженовна
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Бекарыстан би кеңшары Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×