Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

21 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді.
Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін;
б) алдыңғы тақырыптың III кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін
в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап айтып көрейік.
1. Судың қасиеттерін ата.
Ж: Судың қасиеттері сұйық, қатты, газ болады.
2. Суды қорғаудың жолдары қандай?
Ж: Суды мөлшерден тыс артық қолдануға болмайды.
Суға лас заттар тастауға болмайды.
3. Сусыз тіршілік бар ма?
Ж: Сусыз тіршілік жоқ. «Су - табиғаттың айнасы»

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут).
Нәтижесі ауызша марапатталады.
Теориясы: «БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
1. Қандай заттар суда ериді?
Ж: Қант пен тұз ерігіш заттар
2. Қандай заттар суда ерімейді?
Ж: Құм және саз суда ерімейді.
2. Төмендегі тапсырмаларды орында:
І – топ
Су қандай күйлерде болады?
Ж: Судың үш күйі болады. Сұйық күйі - су, газ күйі - бу, қатты күйі - қар, мұз.
Жергілікті көлдің суретін сал.
ІІ - топ
Көлдің суретін сал.
ІІІ - топ
Судың пайдасы мен зиянын айт.
Ж: Сусыз ешбір тірі ағза өмір сүре алмайды.
Табиғат құбылысы бойынша тіршілікке зиян келтіреді.
Теориясы: «ТҮСІНУ»
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?)
1. Неліктен суды еріткіш деп ойлаймыз?
Ж: Себебі, ерігіш заттарды ерітеді.
2. Неліктен судың 3 күйі бар деп ойлаймыз?
Ж: Себебі, су сұйық болғандықтан ағады, буланғасын оны газ түрі дейміз, ал қатты күйі деп қар мен мұзды айтамыз. Себебі олар қолға ұстағанда қатты болады.
3. Неліктен саз бен құмды және қант пен тұзды тәжірибеге алдың?
Ж: Себебі, саз бен құм суда ерімейтін заттар және қант пен тұз ерігіш заттар екенін анықтадым
4. Неліктен су ластанады?
Ж: Себебі, мал фермаларынан және зауыттар мен фабрикалардан шығатын лас сулар өзендер мен көлдерге құйылып жатыр.
Тәжірибе түрде көрсетеміз.
Ішіне ауыз су толтырылған екі стакан аламыз. Біреуіне бір қасық қант, екіншісіне бір қасық тұз сал. Стакандағы суды жақсылап араластыр. Қант пен тұздың не болғанын бақыла. Стакан ішінде қант та, тұз да көрінбейді. Олар суда еріп кетті.
Теориясы: «Талдау»
1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1 - 3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
1. Венн диаграмманы толтырып ұқсастығы мен айырмашылықтарын тауып көр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функция және оның графигі
Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар
Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы, Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хибасова Күмісай
Су- өмірдің нәрі
Су- өмірдің нәрі
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Міндеті: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×