Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндауыш

26 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: Баяндауыш және оның көбінесе етістіктен жасалатыны туралы түсінік беру.
Міндеттері: 1. Баяндауыштың қызметі, сөйлемдегі орны, бастауышпен байланысы туралы білімдерін толықтыру.
2. тапсырмалар орындату арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін, танымдық белсенділіктерін арттырады.
3. Оқушының өз бетінше әрекет жасауына, өзіне сенімді болуына ықпал ету, салт - дәстүр, әдет - ғұрыпты үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: электронды тақтада слайд.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды екі топқа бөлу. Бағалау түрімен таныстыру: «5» - қызыл түсті жетон, «4» - жасыл түс, «3» - сары түс. Әр топ өздерін таныстырады.
1 - топ. «Болашақ» - Болашақ бізден басталады.
2 - топ. «Шығармашыл» - Ізденген жетер мұратқа.
- Балалар, қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

«Теңге алу» ойыны. – Теңге алу – ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде ойналады. Ақшаны дорбаға түйіп, жол үстіне ара қашықтығын алшақтау қойып, тізеді. Ойыншылар шүберекке түйілген ақшаны ат үстінен еңкейе беріп алып кетуі керек. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті талап етеді. Оқушылар үшін ойынның арты: Дорбаның ішінде нөмірленген теңгелер жатыр. Әр нөмірдің сұрағына жауап берген оқушы теңгені алады.

1. Зат есім деген не?
2. Етістік деген не?
3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
4. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?
5. Бастауыш дегеніміз не?
6. Баяндауыш дегеніміз не?
7. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?
8. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалады?

«Бәйге» ойыны. – Шабандоздар сәйгүліктеріне отырып, белгілі бір қашықтықта жарысады. Мәреге бірінші жеткен шабандоз жеңімпаз аталады. Атбаптаушы сәйгүлікті бірнеше ай бойы дайындайды. Жарыста олар дайындықтарын көрсетеді. Оқушылар үшін ойынның шарты: 41 - жаттығуда берілген тапсырманы дұрыс, жылдам орындаған оқушы жеңімпаз атанады.
«аударыспақ» ойыны. – халық арасында кең тараған ойындардың бірі. Атқа мінген екі жігіт жекпе - жек шығып, бір - бірін аттан аударып тастауға тырысады. Бұл ептілікті, тапқырлықты, күштілікті талап ететін ойын. Оқушылар үшін ойынның шарты: Әр топтан екі оқушы шығып, бірдей тапсырманы тез орындағаны аударыспақтың жеңімпазы атанады.

Сергіту сәті: Понтомимикалық ойын.
Суда жүзген балықтың қимылын көрсету. Домбыра тартып отырған адам қимылын келтіру. Балтамен отын шауып отырған адам қимылын келтіру.

«Арқан тартыс» ойыны. – Ойынға жуан, ұзын арқан таңдап алынады. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен байлап белгілейді. Ойынға қатысушылар тең болып екі топқа бөлінеді. Қай топтың ойыншылары мықты сол белгіленген жерден өз қарсыластырын өз жақтарына қарай тартып алу керек. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.
- Сөз санын өсір. Екі сөзден тұратын сөйлемге мағынасына қарай сөз қосып отыр. Бастауыш пен баяндауышты тап.
«Болашақ»: Шық түсті. Шөпке шық түсті. Таңертең шөпке шық түсті. Таңертең шөпке шық ақ моншақтай түсті.
«Шығармашыл»: Қар жауды. Алғашқы қар жауды. Бүгін жапалақтап алғашқы қар жауды.

«Көкпар» ойыны. – Көкпар ойынының алғашқы атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда, әлгіні ат үстінде сүйреп, бір - бірінен ала қашып, тартып алуға тырысқан. Кейін ол серкеге ауыстырылып ұлттық ойынға айналды. Тартылатын серкені алдын ала белгіленген бір шақырымдай жерге апарып тастайды. Тартысқа шыққан екі топ таласып, серкені жерден іліп алу амалын жасайды. Серкені алған ойыншы қаша жөнеледі. Ал қалғандары оны қуып жетіп, серкені тартып ап, мәреге жетуге тырысады. Бұл ойында ұйымшыл топ жеңіске жетеді. Сурет бойынша әңгіме құрау. «Болашақ» тобына ҚЫС, «Шығармашыл» тобына КҮЗ туралы әңгіме құру.

«Қыз қуу» ойыны. – ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Жігіт қызды қуып жетсе бетінен сүйеді. Ал жете алмаса бұрылыстан кері қайтқанда қыз жігітті қуып жетіп, қамшымен соғу керек. Екеуі де осы жарыста өз тапқырлықтарын, күшін сынайды. Сендер де өз шығармашылықтарыңды көрсетіңдер. - Өлең құрастыру.
«Болашақ»
....... көңілді,
....... төгілді
...... ашылып,
....... көрінді

«Шығармашыл»
....... көңілді,
....... оралды.
....... айнала,
........ өңірді.
Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау, бағалау.
Үйге тапсырма
3 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Математика 2 - сынып "Қайталау" сабағы (слайд)
Математика 2 - сынып "Қайталау" сабағы (слайд)
Математика 2 - сынып "Қайталау" сабағы (слайд) Достығы жарасқан, Сыйлы біз баламыз. Келісіп бәрімен, Татулық табамыз. Бәріміз бір болсақ, Бәрін де жеңеміз!
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Математикадан қайталау
Математикадан қайталау
Ұлттық ойындардың ережесімен танысу, алған білімдерін тиянақтау, қайталау есептерін шығару. Ойларын, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту.
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді бөлу
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы, «Васильковка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Оразаева Жібек Жамбылқызы
Бабадан қалған бар байлық
Бабадан қалған бар байлық
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Улмагамбетова А. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×