Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Өзен»

04 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: оқушыларға Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқыта отырып, оқу дағдысын
қалыптастыру. Баланың ой - өрісін қиялын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. дамытушылығы: оқушының әдеби шығарманы сүйіп оқып, өз оқығанын түсіне білуін дамыту
тәрбиелігі: оқушыны шығармашылыққа, дербестікке баулу, табиғатты аялап, оның байлығын, әсем
көрінісін сақтай білуге, қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің суреті, табиғат көріністерін бейнелейтін суреттер, сөзжұмбақ, карта.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылардың оқу құралдарын даярлатып, назарын сабаққа аудару
Ә) Психологиялық даярлық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.

Ой қозғау
Гүлдер жапты бөктерді
Жыршы құстар көп келді
Кел, балалар, әнменен
Қарсы алайық көктемді.
- Балалар, бір сәт далаға көз салыңдаршы. Ауа райы қандай?
- Көктемнің алғашқы күнінде күнде бізбен бірге күлімсіреп тұр. Бүгін көктемнің алғашқы айы.
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Ағаштар бүршік жарады. Жан - жануар ұйқысынан оянады. Құстар жылы жақтан оралады.
- Көктемдегі алғашқы гүлді қалай атайды?
- Ендеше, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға бәйшешек гүлін сыйлаймыз.
- Балалар, тақтадан ненің суретін көріп отырсыңдар?
- Табиғат көріністерін.
Табиғаты қандай көркем,
Осы менің туған өлкем.
Бүгін біз «Табиғат – менің өз үйім!» деген бөлімді бастаймыз. Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата - бабамыз «Жер – қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет айтқан. Дариялардың, өзендердің, көлдердің жағасында, жалпы сулы, нулы жерлерге егін егіп, кең далада, жайлауда төрт түлік мал өсірген.
1) Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
2) Суретте не бейнеленген?
Бір оқушы «Кел, балалар» өлеңін жатқа оқиды.

ІІ Мағынаны тану
- Ы. Алтынсарин атамыз кім?
- Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. ХІХ ғасырда Ыбырай алғаш мектеп ашқан. Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі. Қазақ шәкірттеріне арнап алғаш оқулықтар жазды. Оның қаламынан туған әңгіме, өлең, ертегі, мысалдар оқырман жүрегіне жол тауып жатыр. Оның табиғат бейнесін суреттейтін «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері бар.
- Тақтадағы сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
1. Сарғыш түсті дөңгелек,
Ортасының дәні бар.
Көрсең егер оны жеп
Балдай тәтті дәмі бар. (өрік)
2. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
3. Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем (жер)
4 Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан (күн)

Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіндіру
Сөздік жұмысы: Қынарда – жағасында
Жанабында - маңайында
Топпен жұмыс
І топ: 1) Ақын өзенді қалай суреттеген?
2) Ақынның «жарқыраған», «сарқыраған», «жарқыраған» деген сөздері неге қатысты?
ІІ топ: 1) Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
2) Адамдар неліктен суды құрметтейді?

ІІІ топ: 1) Өзеннің қандай пайдасы бар?
2) Қазақстанда өзің білетін өзендерді ата.
Жаңа сабақты бекіту:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан – 2030» жолдауы – болашағымыздың бағдары. Қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөліп отыр.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Суға байланысты тыйым сөздер
1. Суға түкірме.
2. Ағынды суға кір жума.
3. Суды бекер ағызба
4. Суға дәрет сындырма.
Ата - бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды былғамау жайлы өсиет сөздерді көп айтқан.
Мақал – мәтелдің жалғасын табу. Мағынасын түсіндіру.
І топ
1. Бір кісі қазған құдықтан.............
2. Сыйлап берген.... да тәтті.
ІІ топ
Қайғысыз ішсең қара....
ІІІ топ
.............. сұрауы бар.

Қорытынды: «Балық аулау» ойыны
1. Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?
2. Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
3. Өзендегі балық түрлерін ата
Үйге тапсырма беру
Өлеңді мәнерлеп оқу
Оқушыларды бағалау
4 411
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам. Атаң мұнда анаң мен есен – аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. (Балқожа)
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×