Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 санынан азайту

05 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақ тақырыбы: 10 санынан азайту
Сабақ мақсаты:
1. Қосындының және айырманың мәндерін табу. Есеп шығаруға, қосу, кему ретімен жаза білуге үйрету.
2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тез есептеуге, кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақ түрі: ойын сабақ, біріккен сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі, өзіндік және ой қорыту.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушының сабаққа қатысы, көңіл - күйі.
Өткен материалды пысықтау.
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық!
Балалар, біз математикадан нені үйрендік
- Санауды үйрендік
- Сандарды оқуды және жазуды үйрендік
- Сандарды салыстыруды үйрендік
- Кесінділерді сызуды үйрендік
- Кестелік қосу мен азайтуды үйрендік.
Ендеше, балалар бізге математика сабағында есеп шығару үшін нелер қажет?
- Сандар
Онда, 0 - ден 10 - ға дейін ауызша кім санап береді.
- Дұрыс
Енді осы сандарды кері санап берші. Қане, кім айтады, мынау қандай таңба?
А) +, -, = қосу, азайту, теңдік.
Ә) 5+3 бұл өрнек
Б) 5=5, 7=7 бұл теңдік (екі жағы тең)
В) 4=3 6=8. Тура емес теңдік себебі?
Жаңа сабақ: 10 санынан азайту.
Кім айтады:
1. 1 жылда неше ай бар? 12 ай
2. Жылдың неше мезгілі бар? Төрт
3. Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымыз осы жылдың төрт мезгіліне байланысты жүргізіледі.
Қыс мезгілі.
Балалар осы қыс мезгілі сендерге несімен қызықты?
- Қарымен, аққаласымен. Олай болса біз қазір аққала жасаймыз.
- Ол үшін кітабымыздың 118 - ші бетін ашып, №1 – ші мысалды оқимыз.
ІІІ. Кітаппен 1. – кәне, маған кім жұмыс: оқып береді.
Дәптермен жұмыс.
10 - 9=1
10 - 8=2
10 - 7=3
10 - 6=4
10 - 5=5
110 - 4=6
10 - 3=7
10 - 2=8
10 - 1=9
№2 мысал. (ауызша). Азайтқышы 10 болатын теңдік жаз. 10 - 10=0
2. Қыстан кейінгі қай мезгіл? Көктем
Көктемде қандай жұмыспен шұғылданамыз? Ағаш отырғызамыз.
Өздік жұмыс: Ағаш отырғызу үшін ең бірінші не істейміз? Ендеше кім мына есепті шығарса, сол шұңқырды қазады.
6+4*9

2. Ағашты отырғызамыз: 8 - 2*10
3. Су құямыз 10 - 3*4+3
4. Баптап күтеміз 10 - 7*7+3
Сергіту жаттығуы:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойынымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып жұмамыз.

3. Көктемнен кейінгі қай мезгіл? Жаз мезгілі.
Жаз мезгілі несімен қызықты? (көлге шомыламыз, балық аулаймыз)
Қазір біз көлден балық аулаймыз. Ол үшін кітаптағы №5 мысалды шығарамыз.
Мұнда, бос тор көзге тиісті санды орнына қою керек.
7 - 3=4
6 - 2=4
9 - 5=4
8 - 2=6
7 - 1=6
6 - 3=3
5 - 2=3

4. Жаз мезгілінен кейінгі мезгілді атайық. Күз мезгілі. Ал, күз мезгілі несімен біздің ойымызда қалады. (жеміс - жидектердің пісуімен)
№4 есеп. Есептер құрастыру керек. Мәнерлеп оқу. Есептер құрастыру керек. Мәнерлеп оқу. Есептер құру.
Жайылымда 10 қозы жайылып жүр және бірнеше лақ жайылып жүр. Бірақ қозыдан, лақтың 3 - еуі кем яғни аз. Енді есеп болу оның шарты болды. Шарты. Қозы - 10
Сұрағы: лақ -?, 3 - еуі кем
Шешуі: 10 - 3=7
Жауабы: 7 лақ.
Математикалық жұмбақ шешу: Сабақты қорытындылау. «Кім жылдам» ойыны.
Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінен оның үзіліп
Түсті тағы екеуі.
Тұр әліде ілініп,
Жапырақтың нешеуі?
10 – 1 – 2 = 7

Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды.
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
(5 + 3) - 1 - 1 6 үйрек
Қолдан ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім шешеді.
7 – 2 = 5.

Он асықтың 3 - уін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Оз қолыңда қалады
10 - 3 = 7

Сабақты бекіту. « Жылулық шеңбері». Шеңбер бойына тұрып, бір - бірінің көздеріне қарап, сыйлаңдар.
Қане, қане, тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Құшақтасып әркез де
Тату - тәтті болайық!
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Көкке қалды созайық
Бір - бірімізден озайық
Көңіл күйлерің жақсы болсын!....
Үйге тапсырма:
Оқушы білімін бағалау
3 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 саны және 7 цифры, 7 - нің сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Біз нені үйрендік?
Біз нені үйрендік?
Жамбыл облысы, Кордай ауданы, Сарыбулак селосы. Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Салтанат Мырзашовна
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×