Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ата ақылы», «Атасы мен немересі»

08 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Ата ақылы», «Атасы мен немересі»
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты: 1. С. Көбеевтің нақыл сөзге құрылған әңгімесін түсініп оқиды.
2. Үлкенді құрметтеуді үйренеді.
3. Оқу дағдыларын жетіледі
Күтілетін нәтиже: 1. Автор туралы біледі.
2. Мәтіннен түйгенін нақыл сөздерді пайдаланып жауап береді.
3. Үлкендерді құрметтеуді үйренеді.
4. Оқу дағдылары қалыптасады.
Негізгі идеялар: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».
Тапсырмалар: Топтық жұмыс, «Динамикалық шеңберлер», «Түрткі болу» сұрақтары
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларына «Менің досым» психологиялық жаттығуымен жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару.
Оқушыларды санау бойынша топқа бөлу (2 - 3 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Динамикалық шеңберлер» әдісі бойынша үйге берілген «Қыста талай қызық бар» бөлімін қайталап, қорытындылау. Ішкі және сыртқы шеңберлер арасында мазмұндау арқылы қайталаймыз(5 минут)
ІІІ. Қызығушылығын ояту
«Түрткі болу» сұрақтары
- Балалар, сендер үйде аталарың мен әжелеріңнің есімдерін айтыңдаршы?
- Сендер ол кісілерді қалай сыйлайсыңдар?
- Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтің «Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен? Кәне жаттап көрелік.
Электронды оқулықтан өлеңді тыңдату және қосылып айтқызу.

ІV. Топтық жұмыс
І топ: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».
Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?
ІІ топ:
Оқулықты пайдаланып мәтіннің авторы жайлы мәлімет іздестіру. Сызба бойынша түсіндіру
ІІІ топ: «Ата ақылы» өлеңін жатқа айту
Топтардың бірін - бірі бармақпен бағалауы
Оқулықпен жұмыс. 1. Атасы мен немересі» мәтінін оқу.( жалғастырып, түсініп оқу)
2. Мәтінді рөлге бөліп оқу. Теріп оқу.
Сөздік жұмыс. Мәтінді оқи отырып өздері түсінбеген сөздердің астын сызады.
- Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер? ( Оқушылар өзара түсіндіреді.)
- « Аяқ» деген сөз нені білдіреді?
- Қай сабақта біз осындай сөздер жайлы оқыдық? (қазақ тілінде)
- Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)
І топ: Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.
ІІ топ: Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.
ІІІ топ:
Осы әңгіме арқылы жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.

VІ. Жеке жұмыс. «Кезбе тілші» әдісі бойынша жүргізіледі.
Біз немен таныстық?
Мәтіннің авторы кім?
Мәтіннен көңіліңе не түйдің? Берілген нақыл сөзді пайдаланып жауап бер.

VІІ. Рефлексия. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің?
- Ұсыныс, тілегің?
Оқушыларды бағалау. «Мимика жест» арқылы бағалау
Кейінгі тапсырмалар «Үлкенді сыйлау» тақырыбына әңгіме жазып келу
Кейінгі оқу «Атасы мен немересі» мәтінін мазмұндау.
Сабақтағы сәтті тұстарым:
Сәтсіз тұстарым:
Не өзгерткім келеді?
17 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлердің негізі түрлері. Деректер. Қосалқы тарих пәндері. Жазбаша тарихтың дамуы. Пиктография. Иеороглифтер. Шумерлік және египеттік жазбалар. Финиктер. Археология ғылымы. Археологиялық түсінік. Этнография және этнология. Ғылымдарына
Радиотолқындардың таралуы. Радиолокация
Радиотолқындардың таралуы. Радиолокация
Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оған дейінгі қашықтықты және оның кеңістіктегі орнын, қозғалыс жылдамдығын анықтау радиолокация деп аталады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×