Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз

12 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Наурыз» М. Дулатов, С. Сейфуллин
Мақсаты мен міндеттері: Ақындардың өмірі мен және шығармашылығы туралы мәлімет беру, шығармаларын салыстыру, наурыз мейрамының ерекшелігін білу.
1. Білімділік: наурыз мейрамы жайында түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, сөз шешендігіне тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: суреттер, кестелер.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау, өзіндік

Сабақ барысы
1. Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңберіне тұрып бір – біріне тілек айту. Наурыз мейрамында қандай тілек тілер едің?
Гүлдерді таңдау арқылы сыныпты топқа бөлу. Топ басшысын тағайындау. Бағалау парағын тарату.
Мағынаны тану. Біз бүгінгі сабақта екі ақынның наурыз мейрамын арнап жазған өлеңімен танысамыз.

Міржақып Дұлатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды,

Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас ) (1894 - 1938) - қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері. 20ғ - дағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақындық мектебінің әсер - ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес.. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...» - деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.

- Наурыз қандай мейрам?
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава - жаңа рәзаңһ - күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но - жаңа роуз - күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21 - 23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Оқулықпен жұмыс.
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- тізбек бойынша оқу
- Наурыз туралы не білесің?
- Наурыз айында табиғатта қандай өзгерістер болады? Өлеңді талдау.

Сергіту сәті
Әдебиет үйірмесі.
1. Сөз тапқыштар тобы.
Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеу) мына үлгі бойынша жаз.
Қайтеді?
Жаз құшақтайды, бетін сүйеді
Су.....
Құстар....
Мал...
2. Жазушылар. Өлең сөздерін пайдаланып наурыз мейрамының ерекшелігін жаз.
3. Суреттеуші. Наурыз мейрамына арнап сурет сал, әңгімеле.
Бес жолды өлең құрау. Әр қатар құраған өлеңдерін оқиды.
Ой толғау.
Екі өлеңді салыстыр: ұқсастығын, айырмашылығын жаз.
С. Сейфуллин «Наурыз»
М. Дулатов «Наурыз»

Үйге тапсырма: Өлеңдерді жаттау.
Бағалау парағына баға қою.
4 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Наурыз
М. Дулатов Наурыз
Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету. М. Дулатов өмірімен таныстыру. Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Наурыздағы тілек
Наурыздағы тілек
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағынасын тану
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×