Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Етістік туралы білімдерін одан әрі дамыту.
1. Білімділік міндеті: Етістіктің зат есіммен байланысын меңгерту, сұрақ қоя білуге, сызба арқылы көрсетуге үйрету. Етістіктерді құрастырып, сөйлемдерді құратуға баулу.
2. Дамытушылық міндеті: Байланыстырып сөйлеу, дұрыс жазу дағдысын, ойлау жүйесін жетілдіру.
3, Тәрбиелік міндеті: Қатесіз, ұқыпты жазуға, сауаттылыққа баулу.
Оқыту жабдықтары: оқулық, плакат, суреттер.
Оқыту әдісі: сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, өз бетімен жұмыс, сәйкестендіру сауалнамасы, «Оқу мен жазу арқылы ойлауды сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының «ВЕН» диаграммасы, «Бес жол өлең» стратегиясы.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру.

II. 2. Өткен сабақты қайталау.
1. а) Балалар, қандай сөз таптарын білеміз?
ә) Балалар, өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік? (Етістік)
(ереже сұрау).
б) Сурет бойынша жұмыс.
Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.
Қай сөз не істеді? сұрағына жауап беріп, етістік болып тұр.
Нұргүл кітап оқыды. Нұржан жаттығу жасады. Ербол қолын жуды.
в) Балалар, бүгін біз етістік тақырыбына жаттығу жұмысын жүргіземіз.

2. Төрт түлік мал туралы әңгімелеу.
а) Балалар, төрт түлік малға нелер жатады? (сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.)
ә) Төрт түлік малдың пайдасы туралы айту.
б) Төлдерін атау.
Ешкінің төлі не? (лақ )
Қойдың төлі – қозы.
Сиырдың төлі - бұзау.
Түйенің төлі – бота.
Жылқының төлі - құлын.

в) Мына малдардың қайсысы қалай төлдейді. Етістіктердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Жылқы құлындайды.
Сиыр бұзаулайды.
Түйе боталайды.
Ешкі лақтайды.
Қой қоздайды.
г) «Төрт түлік мал» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

3. «Бес жол өлең» стратегиясы.
1. Зат есім. Жылқы.
2. Сын есім. Жүйрік, шабан.
3. Етістік. Қоректенеді, төлдейді, жүгіреді.
4. Сөйлем. Жылқы - пайдасы мол жануар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 707
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Қосу мен азайту. 23+7, 30 - 7
Қосу мен азайту. 23+7, 30 - 7
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×