Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сәт

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Жұлдызды сәт»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету
Танымдық қабілеттерін, дүниетанымын дамыту
Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілік:
«Ақылымен алға бас, біліміңмен биікте»
1 «Жапырақ»
2 «Көбелек»
3 «Қоян»
4 «Гүл»

Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Жорға
4. Өнерің болса қолыңда
5. Өнерліге өріс кең
6. « Көңілді суретшілер»ойыны
Әр топ өздерін таныстырады:
Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықты сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық!

Шын жүйрік шабысынан табылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады

Жарыс заңы ежелден
Жеңімпаз болу шарты сол.
Еңбектен жалықпай
Сәт - сапар тілеп бәріне
Сайысты біздер бастайық,
Өнеріңізді көрсетіп
Қалмаңыздар жасқанып.

1 бөлім «Бәйге»
Дүниетану пәнінен берілген тапсырмаларды ары қарай жалғастыру керек:
Табиғат нені құрайды? Жазу немесе суретпен салу
Ауа райы нені құрайды?
Адамның сезім мүшелері
Жыл мезгілдері

Бір топтан бір оқушы шығып қорғайды,
Ең қиыны жарыстың жорға келді
Мықтылары қалыпта, жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді

ІІ бөлім
«Жорға» Оқушылар бұл бөлімде ұяшық арқылы ұпайлар таңдау бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жемін түнде аулайтын құс...
Ауаның температурасын немен өлшейді?

Көру мүшесі
Халық киіктің баласын не дейді? құралай
Абайдың шын аты
Ауаның температурасын өлшейтін құрал
Білім күні 1қыркүйек
Жеміс неден пайда болады?
Табиғат құбылыстары..
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазақтың тұңғыш ғарышкері..
Алтын айы бар қыздың аты..
Жеміс неден пайда болады?
Мемлекеттік рәміздер
Ұлы ғалым, саяхатшы..

Адамның көпшіл болып өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы зор. Өнерді құдіретті күш, ол адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамағы, ішетін сусыны деп бағаланған

ІІІ бөлім: «Өнерің болса қолыңда» демекші, оқушылардың сурет салу өнерін байқау.
Бұл бөлімде жұмбақ айтылады. Жұмбақ шешіп,, жауабын суретпен салады
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте /шырша/

Сәуле астында жүз ине /кірпі/

Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. / сәбіз/
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. /күн/

ІҮ бөлім:«Өнерліге өріс кең»дегендей, бұл бөлімде «Өз өнеріңді көрсет» топ мүшелері ақылдасып, өнерлерін көрсетеді.

Айтылатын тақпақ, ән, би тек табиғатпен байланысты болу керек.
Жалықпасын балалар,
Десеңдер талай амал бар.
Домбыра ойнап, күй шерткен,
Ән салдырып, билеткен
Өзің жасай білетін
Түрлі сиқыр көрсеткен
Біз өнерлі баламыз
Көңілді аулай аламыз.

Ү бөлім: «Көңілді суретшілер» ойыны:
Әр топ өздеріне берілген суреттерден сурет құрастыру
Көп ұпай жинаған топты мадақтау.
2 829
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика патшалығында
Физика патшалығында
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сапакова Алмаш Сериковна
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Білімді мыңды жығады
Білімді мыңды жығады
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Информатика және біз
Информатика және біз
Информатика пәні мұғалімі: Лаура Сарсенова Нұрадинқызы
География және әлем
География және әлем
ШҚО, Аягөз ауданы «Горный ЖББОМ» КММ география пәні мұғалімі Омарбаев Нұрлан Нұрахымұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×