Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күлпаш. Бейімбет Майлин

14 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Күлпаш. Бейімбет Майлин.
Сабақтың мақсаты: "КҮЛПАШ" әңгімесімен танысу мазмұнын ашу.
Білімділік: Оқушыларды Б. Майлиннің Күлпаш тарихи әңгімесімен таныстыру.
Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі оқуға баулу.
Шығармашылық жұмыспен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Ел тарихы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың өнерге білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер."Жазушылар" топтамасы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә.) Сабаққа әзірлігін тексеру оқу құралдарын дайындау.
б.) Психологиялық ахуал. Смайликтер. Біздің көңіл - күй.
Сабақ бастамас бұрын балалар бір - бірімізге сәттілік тілейік.
Нұрлы жол болашаққа бастар жол
Білімдіге қасиетті асқар жол
Бүгінгі күнге сәттілік тілеген
Айқын жол сара жол

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ілеспе сұрақтар арқылы
Бізде қызық сұрақ бар,
Ал, қане, ықылас қойыңдар.
Үй тапсырмасын айтайық!
Балалар, әр сұраққа жауап берген сайын сиқырлы әріптер ашылмақ. Ал балалар іске сәт бәріміз үй тапсырмасына дайынбыз ба? Мен сендерге сенемін.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
1. Тоқаш Бокин не үшін күресті?
2. Түрмеде оған қандай айып тағылған?
3. Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсыңдар?
4. Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
5. Ол анасымен не жайында сөйлесті?
6. Анасы Тоқашқа не айтты?

Жаңа сабаққа кіріспе.
а) Сабақтың тақырыбын ашу.
ә) Автор туралы түсінік. Алдымен оқушылар өзіндік ақ параққа кластер жасайды. Әр оқушы өз ойларын ортаға салған соң автор туралы толықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Енді оқулығымыздың 93 - ші бетін ашып қараңдар.

Ауыл мектебінде сауат ашқан, ақын
1894ж Қостанай облысында туған.
Әдебиетімізде әңгіме жазған
Тройск қаласындағы Медреседе, кейін Башқұртстанның Астанасы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған. Жазықсыз жала құрбаны

Өлеңді оқу
Жырлағаным - кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір -
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Балалар мен оқып беремін сендер түсінбеген сөздеріңді түртіп отырыңдар. Оқушылардың тізбектеп оқуы.

Сергіту сәті.
Би терапиясы.
Сергіп ойнап бәріміз,
Жаттығуды жасайық.
Биді билеп сергіп - ап,
Білімге білім қосайық.

Сөздік жұмыс.
Сөздік жұмыс жасайық,
Дәптерге жазып алайық...
Өрім - өрім - тозған, жыртылған.
Бөкебай - басқа тартатын шәлі
Ызғырық - суық жел.
Өлмелі кедей - өте кедей

Қорыту сұрақтары:
Мәтін бойынша сұрақ.
1Ел басынан өткен бұл әңгіме қай кезде болған?
2. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
3. Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
4. Қалидың хәлі сендерге қандай көңіл күй туғызды?

Бекіту: Суретпен жұмыс жасайық
Оқушылар суретке әңгіме құрастырып айтты.
Түрткі сұрақ, Ішкі ой.
Егер осы оқиға қазіргі таңда болса, мен не істер едім...?
Оқушылар өз ойларын жазып, айтып берді

Үйге тапсырма:
Күлпашты оқып мазмұнын айту. Қазақ халқының
Аштыққа душар болуының себебі неде? Үлкендерден сұрап біліп кел.
Бағалау: Текшелер арқылы.
2 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Күлпаш
Күлпаш
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнынашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей білу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×