Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арифметикалық амалдар

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Арифметикалық амалдар
Мақсаты: арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245, 123, 456, 789 т. с. с.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
1. Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?
10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес)
1, 7, 14, 21, 27. (1саны 7 - ге бөлінбейді)
12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан)
24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар)

2) № 1. Ауызша. (жылдамдыққа ұжыммен)
750 + 10 = 760
230 + 20 = 250
900 – 130 = 770
800 – 450 = 350
110 + 55 = 165
250 + 550 = 800 т. с. с.
2) № 1. Ауызша. (жылдамдыққа ұжыммен)

3) Таза жазу. 3, 4, 5. цифрынан үш таңбалы сан құрастыру. (345, 354, 435, 453, 534, 543)
№ 2. Жазбаша есепте және дұрыстығын тексер. (тақтада есептеу түсіндіре шығару)
69 9 = 621
621: 9 = 69
621: 69 = 9 (компоненттердің атауын атау.)
4) Жұппен жұмыс

№ 3. Өрнектер жаз және олардың мәнін тап.
А) 256: 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19
ә) 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253
б) (176 + 412): 6 = 98

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 463
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі
Шығыc Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, Науалы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сулейменова Бахытгуль Абылхаковна
Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері
Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожбанова Бағила
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×