Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі өркениет ескерткіштері

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Ежелгі өркениет ескерткіштері»
Сабақтың мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі өркениет ескерткіштерімен танысу, балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тыңдау қабілетін дамыту.
Міндеттері: тарихи ғылыммен таныстыру, талқылау, пікір білдіруге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Тәрбиелілігі: Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Жібек жолының картасы, ескерткіш қалалары бейнеленген суреттер, тірек – сызба, оқулық.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топтық жұмыс.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, музыка.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық көңіл – күй
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Ү. Картамен жұмыс
ҮІ. Дәптермен жұмыс
ҮІІ. Сабақты бекіту
ҮІІІ. Қорытынды

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру:
Үй тапсырмасын сұрап бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

Сабақтың тақырыбы осы өлең жолдарынан анықтау. Оқушылар өз ойларын айтады.
- Өте жақсы балалар, дұрыс айтасыңдар бұл өлеңнің негізгі ойы «Отан, туған жер» туралы айтылған. Олай болса бүгін біздің тақырыбымыз «Ежелгі өркениет ескерткіштері» дер аталады.

Ой қозғау
- Ескерткіш дегеніміз не?
Оқушылардың ойын тыңдау және толықтыру.
Қосымша мәліметтер:
1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – XII ғасырда өмір сүрген ұлы ақын. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Кесененің ені – 46, 5 метр, ұзындығы – 65 метр, биіктігі – 40 метр.
2. Отырар қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысы Темір елді мекенінен солтүстік – батысқа қарай 7 шақырым жердегі көне қаланың орны. 1219жылы Отырарды Шыңғыс хан әскері жермен – жексен етіп қиратады. Кейін қайта гүлденіп ХVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрді.
3. Айша бибі – XI – XII ғасырларда салынған жалпы ауданы – 49, 5 шаршы шақырым. Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Төбесі әсем ою – өрнектермен күмбезделіп, безендірілген.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға кезектетіп оқыту.
Оқушылардың ойын тыңдау.

Ежелгі өркениет ескерткіштері

Қожа Ахмет Ясауи, Айша бибі, Бабаша әже

- Балалар, бұл ескерткіштеріміз Оңтүстік Қазақстанда Таразда, Отырарда, Түркістанда орналасқан ежелгі тарихи ескерткіштеріміз. Алматыда 28 паньфилопшылар двизиясына арнап салынған ескерткіш паркі бар.

«Кім жылдам ойыны» (картамен жұмыс).
Картадан айтылған қалаларды жылдам тауып айтып, көрсету және қандай көне ескерткіштер барын айта кету.

Сатылай кешенді талдау технологиясы.
1. Анықтама: Жібек тасымалдайтын жол. Ұлы Жібек жолы деп аталы бастады.

2. Тану: Түркістан қаласы қазақ хандарының ежелгі Астанасы.

3. Қасиеті: Ескерткіштерді көруге болады, зерттеуге болады, қолмен ұстауға болады.

4. Ерекшелігі: Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи, Отырарда Арыстанбаб кесенесі XIV ғасырдан астам тұрған. Қарахан мен Дәуітбек кесенелері және Тараздан 15 – 18 шақырым жерде Бабаша әже мен Айша бибі кесенелері тұр. Бұл кесенелер әлемнің құнды мұра тізіміне енген.

5. Маңызы: Бұл кесенелерге адамдар барып тағзым етеді. Намаз оқып, тілеу тілейді. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне аты – аңызы айналған Әмір – Темір өзі салғызады.

6. Қорытынды: Адамдар кесенелерді таза, ұқыпты ұстап ластамау керек, бұзбау керек.

7. Нәтиже: Маған бұл мәтін ұнады. Себебі мен көптеген кесенелер бар екенін білдім. Таразда Айша бибі, Түркістанда Арыстанбаб, Қожа Ахмет Йасуи кесенелері бар екендігін білдім.
Үй тапсырмасы: Қосымша астана қаласының маңында қандай кесене бар, соны зерттеу.
Бағалау
8 289
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын - соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аштаева Гүлжан Маханқызы
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
а) Білімділік: «Көшпелі өркениет» ұғымын, сонымен қатар алғашқы көшпелілерден бастап, орта ғасырда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×