Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сөз мерген» интеллектуалды сайыс

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сөз мерген» интеллектуалды сайыс сабағы (слайдымен)

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ана тілінің қадір - қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, еркін сөйлей білуге, үйрету, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытуға бағыттау, тәуелсіз еліміздің ана тілін жоғары қоятын ұрпақтарын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, стикер, өшіргіш, гүл.
Әдісі: сөз жарысы, мақал - мәтел құрау.
Кіріспе: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес.
Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамытуға күш салуымыз керек.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан болса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар - дей келе интеллектуалды сайыс сабағымызды бастаймыз.
(Сыныптағы оқушыларға әр түрлі формадағы үш түсті өшіргіштер тарату.
Өз түстері бойынша берілген орынға отыру. Тақтадағы ұнаған суретті әр топ өздері таңдайды. Сурет артында жасырынған топ аттары бар.
Енді топ атына, тақырыпқа сай, ұранды өздері ойлайды.)

Ойын 5 кезеңнен тұрады.
1. Мықты болсаң, тауып көр.
2. Жүйрік болсаң, озып көр.
3. Ойлы болсаң, айтып көр.
4. Зерек болсаң, шешіп көр.
5. Алғыр болсаң, айтып көр.

Бірінші кезең бойынша өлеңнің ұйқасын табу: (слайд )
1. Жағасында бұлақ, жайылып жүр....(лақ).
2. Айбат шағар алыстан, аң патшасы...(арыстан).
3. Тым ойыншыл пысық, мияулаған.... (мысық).
4. Тыным таппас ебелек, гүлге қонар....(көбелек).

1. Бата алмас түлкі, үсті тікен....(кірпі). ( слайд )
2. Өзінше ноян, қорқақ кім....(қоян).
3. Жұртқа аян, улы жәндік....(шаян).
4. Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті...(тасбақа).

1. Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе.... (тауық). (слайд)
2. Басы ұлпа аппақ, бақта өсер... (бақбақ).
3. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты....(жолбарыс).
4. Келе жатыр жұмысқа ұзын мұртты...(құмырсқа).

Екінші кезең бойынша «Сөздің көркі – мақал» демекші берілген сөздерден мақал - мәтел құрап ой - өрісімізді кеңейтейік. (слайд)
1 топқа: ауыз, көз, су, туған жер, бала.
2 топқа: жігіт, отан, оқу, гүл, батыр.
3 топқа: кітап, әке, бір тал, тіл, еңбек.

Үшінші кезең бойынша ақындық өнерімізді байқайық. (слайд)

------------------ жүреміз
------------------ күлеміз
------------------ сыйлаймыз
------------------ тыңдаймыз.

Төртінші кезеңде «Тіл – көңілдің тілмашы» дегендей алғырлығымызды байқап көрейік. Дана халқымыз дау болса бір ауыз сөзбен тоқтата білген, бір ауыз сөзбен адам көңілін жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретінің керемет екендігін мына мақалдарды жалғастыра отырып, көруге болады.

1. Өнер - алды.....(қызыл тіл). (слайд)
2. Тіл тас жармаса....(бас жарады).
3. Басқа пәле.....(тілден).

1. Бас кеспек болса да.....(тіл кеспек жоқ). (слайд)
2. Тіліңмен жүгірме,.....(біліміңмен жүгір).
3. Өтірік сөз.....(өрге баспас).

1. Өтіріктің құйрығы......(бір тұтам). (слайд)
2. Атаңа не қылсаң....(алдыңа сол келеді).
3. Өле жегенше....(бөле же).

Бесінші кезеңде «Адасқан әріптер» ойыны (интерактивті тақтамен жұмыс)
Болашақ журналистпен сұхбат.
Қорытынды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Сөз мерген
Сөз мерген
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу.
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Сөз мерген
Сөз мерген
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×