Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабанбайдың өмірі

19 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қабанбайдың өмірі

Түрі: Таным сабағы
Типі: Білімді шолу, жүйелеу
Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қабанбайдың өмірі
Мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға «Қазақ жерін жаудан қорғауда Қабанбай батыр қолбасшылығын, ерлік істерін баяндау, өмірін, ерлігі жайлы түсініктерін дамыту.
2. Тәрбиелік: Халқымыздың тарихынан тағзым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімнің оянуына, Отанды қорғау, сүю сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыра отырып өз ойларын айта білуге үйрету.
Көрнекілік: Қабанбайдың суреті, тірек - сызбалар, ширмалар, сандар, ойыншық қару - жарақтар.
Әдісі: Талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, баяндау, іздену, ішінара - ізденушілік.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, жүйелеу. Таным сабағы.
Сабақтың типі: Білімді шолу, жүйелеу.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, әдебиет
Технологиялар: Дамыта оқыту технологиясы, ұжымдық, топтық.

І. Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабақта балалар біз екі орталыққа бөлініп отырамыз. «Дарын орталығы», «Зерттеу орталығы»

ІІ. Үй тапсырмасына тоқталу
1. Балалар, өткен сабақты біз қандай мәтінді өттік? Бұл мәтінде кім туралы айтылды?
2. Кімдер қазақ жеріне шапқыншылық жасады?
3. Жоңғарлар бұған дейін тағы қай елдерді жаулап алды?
4. Елдің кегін қайтару үшін жұрттың басын кім біріктірді?
5. Сол заманың ақылгөй жырауы кім?
6. Бұқар жырау Қабанбайды қалай суреттейді?
7. Неге Қабанбайды «Халық қорғаны» дейді?

Себебі: 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болып қазақ арасы дағдарысқа ұшырайды. Қиын жағдайды пайдаланып жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жасайды. Қазақтардың көптеген адамдары мен малдарын олжалайды. Осы кезде жаудың өтінде. Қабанбай қалмақ батыры Доланқарамен жекпе - жекке шығып оны өлтіріп қалғандарының қару жарағын алады.
1723 жылдың қысында қазақ даласында жұт болады, халық күйзеледі. Жоңғарлар Қазақ жеріне жеті бағытпен шабуыл жасайды. Қазақ халқының басына қатер төнеді. Сол кезде Қабанбай тапқырлығы мен батылдығының арқасында қалың жауды аз адаммен - ақ талқандап қиратады.
Қаһарман батыр 1724 жылы алғашқы қазақ жасағын құрып, Түркістан қаласы үшін болған қанкешті шайқаста жанқиярлығымен көзге түсті.
1725 жылы атақты Алакөл маңындағы шайқаста жоңғарлар қатты жеңіледі. Қабанбай батырлығымен көзге түсті.
Қабанбай бұдан кейінгі 1728 жылы «Шұбар теңіз» жағасындағы шайқаста, 80 күнге созылған «шорға соғысына» бір жарым жылға созылған «Шаған» шайқасында шеберлігімен көзге түседі.
1730 жылы жоңғарларды «Іле» өңіріне дейін қуған соғыстарға, одан 1750 жылдың ақырындағы жоңғар қақпасындағы шайқасқа дейінгі ірі - ірі ұтыстарда қолбасшылық етіп, бас сардарлық міндет атқарған.

ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар бүгінгі өтетін тақырып Қабанбай батыр жайлы болады. Сендер Қабанбайдың өмірімен танысқансыңдар. Бәріміз мына сызбаға қарайықшы.
Қабанбай

Ерасыл
Нар бала
Дарабоз
Қабан батыр
Балалар, Қабанбай – ұлтымыздың мақтанышына айналған, ірі тұлғасы, айбынды батыр. Ел үшін, жер үшін болған шайқастарда барлығына қатысты ерен ерлігімен көзге түскен, қазақ сарбазы. Қабанбай батыр 103 рет ұрысқа қатысқан, 54 рет жекпе - жекке шыққан. Соғыс өнерін жетік меңгерген. Қабанбай батырдың 300 жылдығын 1991 жылы тойлап өттік. Семейдің Таскескен ауылына Қабанбай есімі берілді. Семей қаласында Қабанбай батыр атында қала көшелері бар.

ІV. Кітаптың бетіндегі сыр сандыққа үңілейік. Бізге таныс емес сөздермен танысайық.
V. Шығармашылық жұмыс
1718 жылы жаудың өтінде жүргенде қалмақ батыры Доланқарамен жекпе-жегінен көрініс тамашалайық. Қабанбай батырға арналған, қандай дастандарды білеміз.

VІ. Дәптермен жұмыс
Қас пен көздің арасы – өте жылдам деген мағынаны білдіреді.
VІІ. Кітаппен жұмыс
VІІІ. «Кім жылдам ойыны
6 142
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік
Халық қорғаны
Халық қорғаны
Оқушыларды батырлармен таныстырып, тарихпен таныстыру. Олардың ерліктерін үлгі ету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар (бастауыш сыныптарына)
Қадыр Мырза Әли "Күз"
Қадыр Мырза Әли "Күз"
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті, №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×