Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
А) 25 В) 35 С) 42 Д) 40

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) с, м, р, о, ш, е, т, ю В) я, ю, ә, н ы, г, р, ж С) і, ф, ч, м, и, б, ю, ұ Д) ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө

3. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:
А) Қуат В) туған С) уақыт Д) жу

4. Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) тайақ В) кіиім С) аяз Д) қәзір

5. Ұяң дауыссыздарды тап:
А) к, қ, с, т, ш, щ, ц В) л, м, н, ң, р, й, б С) б, в, г, ғ, д, ж, з Д) ч, в, к, й, ф, м, р

6. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап:
А) лайық В) мереке С) тарту Д) балық

7. Мәтіннің түрін анықта: Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын.
А) Сипаттау В) пайымдау С) әңгімелеу Д) ешқайсысы емес

8. Сұраулы сөйлемді тап:
А) Олар тату тұра ма В) Әжем келді. С) Су ақты Д) Сабақтан кешікпе

9. Лепті сөйлем қалай айтылады?
А) Жай дауыспен В) Көтеріңкі дауыспен С) Жауап алу мақсатымен Д) Бірыңғай дауыспен

10. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап:
А) бес В) алтау С) екінші Д) қырық

11. Дыбыссыз әріптерді тап:
А) һ, т В) ю, я С) ь, ъ Д) қ, й

12. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:
А) балалық В) теңіз С) жайлау Д) жүгіру

13. Мәндес сөздерді тап:
А) Қария, шал В) үйге кел С) жап - жақсы Д) ақ - қара

14. Түбір сөзді тап:
А) Домбыра В) сазсырнай С) сызғыш Д) аққала

15. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) Жұмыста В) жұмысқа С) жұмысшы Д) жұмыспен

16. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
А) Жұрнақ В) жалғау С) түбір Д) қосымша

17. Қосымшаның неше түрі бар?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5

18. Зат есімнің сұрағын тап:
А) Қанша? неше? В) қандай? қай? С) кім? не? Д) қайтті? не істеді?

19. Қате жазылған сөзді тап:
А) фудбол В) баскетбол С) теннис Д) хоккей
20. Сұлу сөзіне мәндес сөздерді тап:
А) Ибалы, сыпайы В) ару, көркем С) қатігез, долы Д) айдай, аппақ

Жауаптары:
1) С 2) Д 3) С 4) С 5) С
6) С 7) С 8) А 9) В 10) С
11) С 12) Д 13) А 14) А 15) С
16) В 17) А 18) С 19) А 20) В
163 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
2 сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша білімін анықтауға арналған тест жұмысы
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
1 сыныпқа арналған ана тілінен тест сұрақтары
1 сыныпқа арналған ана тілінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза
Ана тілі, математика, дүниетану пәндерінен тест сұрақтары
Ана тілі, математика, дүниетану пәндерінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна Қазақ тілінен тест тапсырмалары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×