Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл тағдыры – ел тағдыры

23 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің
жоғарғы санатты мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы.
Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры.
Мақсаты:
1. Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнкілігі: Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар, сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.

Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі тіл. Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді.
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек.

3.«Ұйқасын тап!» ойыны.
Тіл туралы мақалдың жалғасын табу керек.
1. Ана тілін білмеген адам...........
(Ештеңені сезбейтін надан.)
2. Тіл тағдыры.-..................
(ел тағдыры )
3. Тіл тас жарады..............
(тас жармаса бас жарады )
4. Бас кеспек болса да..........
(тіл кеспек жоқ )
5. Өнер алды..........
(қызыл тіл)

4. Оқушылар тіл туралы жаттаған өлеңдерін айтады.
1-оқушы: Айдос
Туған тілім. Дихан Әбілов
Туған тілім – бабам тілі өз тілім
Туған тілім – анам тілім өз тілім
Туған тілім – далам тілім өз тілім
Туған тілім – адам тілі өз тілім.
2-оқушы: Ақбота
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы: Мұрагер
Мұқағали Мақатаев.
Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
4-оқушы: Құндыз
Ал екінші бақытым – тілім менің.
Жас жүректі тіліммен тілім дедім.
Кей-кейде дүниеден түңүлсем де.
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
5-оқушы: Назерке
Бақытым бар үшінші-Отан деген.
Кім мықты?-десе біреу,-Отан дерем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?
Оланбай-ақкел дағы от ал менен.
6-оқушы : Альбина
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
7-оқушы:Аманғали
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұқтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе менің де бүлінгеім.

6. Сұрақтар беру арқылы сынып сағатын қорытындылау.
1. Ана тіліміз қандай тіл?
2. Өнер алды не?
24 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілдің маңызды екендігін айту, ана тілін құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы тақпақтар, өлеңдер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді оқыту арқылы, оқушының сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту.
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты, Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
ШҚО, Өскемен қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Сая Мырзабекқызы
Тілдің мерейі – елдің мерейі
Тілдің мерейі – елдің мерейі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Ана тіліңді құрметте
Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×