Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зейнолла Шүкіров. Ақша қар

22 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зейнолла Шүкіров Ақша қар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зейнолла Шүкіровтің «Ақша қар өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы мен адамдар мен жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту, өз ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуге біліктіліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: табиғат тамашасына сүйсіне білуге табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздену, топтастыру, түртіп алу стратегиясы, Венн диаграммасы, шығармашылықпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: қыс келбетінің суреті, автор портреті, сызбалар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Күн жарқырап аспанда,
Жарқын нұрын шашады.
Барлық әлем жылынып,
Көңілдерін ашады.
Жылы шуақ шашады.
Ал, біз көңілімізді лебіз тілектер жазып білдірелік (бір - біріне береді)
- Тілектеріңіз орындалсын!

II. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. М. Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» мәтінін мазмұндау.
Қызығушылығын ояту
Жыл мезгілдерін атау
Қандай тарауды бастадық?
Қандай мезгіл?
Қыс мезгіліне қандай айлар жатады?
Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

Қыс

Күн қысқарады
Шаңғы, шана тебеді
Қар жауады
Түн ұзарады
Боран соғады
Аяз болады

1. Жаңылтпаштармен жұмыс (интер тақтадан тыңдатамын) жатқа сұрау, мағынасын сұрау.
2. Жаңылтпашта қандай қарлардың түрі бар екен соларды топтастырамыз.

Қар

сұр
құрғақ
кір
қырбық

Ендеше балалар бүгінгі жаңа сабағымыз Зейнолла Шүкіров «Ақша қар» өлеңімен танысамыз. Сендер қалай ойлайсыңдар бүгін біз сабақта не істейміз? (мақсатын айтып кетем)
1. Өмірбаянымен таныстыру. 1927 - 1979 кеңес одағының жазушысы. Ақыны. Арал ауданы, Бөген ауылында 16 ақпанда 1927 жылы дүниеге келген. Ең алғашқы өлеңдер жинағы «Менің достарым», «Теңіз жырлары», «Арал дәптері», «Сағыныш», т. б өлеңдер жинағы бар. Қызыл орда қаласында З. Шүкіров атындағы көше және қала орталығында ескерткіші қойылған.
3. Өлеңді тыңдау. (интер тақтадан) мағынасын ашу
Тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен теріп жазу.

Қар

ақ мамықтай
Ақша қар
ақ қанаттай
ақ жібектей

Балалар, қане тағы біз кімнің шығармалары мен таныстық
Сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс:
1. сурет берілген Қыс тақырыбына шығарма жазу.
Сурет көрмесі

Қорытынды.
Венн диаграммасын көрсету арқылы қыс пен көктем мезгілін салыстыру, ортақ белгілерін жазып көрсету.

Қыс
Суық, аяз, қар жауады, боран соғады, ағаштар жалаңаштанады.
Көктем
Жылы, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік атады, құстар келеді.
Ортақ
Жыл мезгілі, 3ай, күн, жер, аспан, ай.
XIII. Рефлексия Сабақ ұнады ма? Не үйрендік? Не білдік?
XIV. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма өлеңді жаттау
5 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
З. Шүкіров. Ақша қар
З. Шүкіров. Ақша қар
- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік. Тақтаға жазу. Топтастыру. Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе.
Бердібек Соқпақбаев. Шынықсын денеміз
Бердібек Соқпақбаев. Шынықсын денеміз
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
З. Шүкіров. Ақша қар
З. Шүкіров. Ақша қар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы бастауыш сынып мұғалімі Сартова Алия Тенеловна
Ұлы тұлға - Зейнолла
Ұлы тұлға - Зейнолла
Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Анапияева Салтанат
Ақша қар
Ақша қар
Жезқазған қаласы № 10 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×