Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазбаша қосу және азайту

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Өз тәжірибиемнен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы сандарды баған түрінде жазып және сәйкес шығару алгоритмін пайдаланып, қосуды, азайтуды орындауды үйрету.
Ой - өрісін, логикалық ойлау, есте сақтау, таным қабілеттерін, жеке жұмыс жасау дағдыларын, математикалық тілін дамыту.
Математикалық сауаттылыққа төселдіру, уақытты үнемді пайдалануға жетелеу.

Сабақтың міндеттері:
1. Жазбаша қосу және азайтуға байланысты тапсырмалар орындау;
2. Алгоритм бойынша жұмыс жасату.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: диалогтық, ойын, шығармашылық, алгоритм бойынша жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: үлестірме, кестелер, геометриялық пішіндер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
 Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (Кезекшінің мәлімдемесі)
Психологиялық дайындық.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
- Отыра қойыңдар! Сендерді бар ғылымның сырына жетелейтін математика сабағымызды бастайық.

ІІ. Білімді бекіту.
 «Математика» ой қозғау.
- Балалар мына сөзге назар аударайық.
- Математика сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Әр әріпті жеке - жеке қандай математикалық терминмен байланыстыруға
болады?
М - мысал
А - азайту, айырма, азайғыш.
Т - теңдеу, теңдік, теңсіздік.
Е - есеп.
М - метр
А - азайтқыш.
Т - еңдеу.
И - игерк.
К - кесінді.
А - айырма.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда мен сіздерге математика сөзінің соңғы дыбысы «А» дыбысынан басталатын «Алгоритм» деген ұғыммен таныстырғым келіп отыр. (сөзді ілу.) Алгоритм сөзін естігендерің бар ма, ол сөзді қайдан кездестірдіңдер?

- Бұл ұғыммен таныспас бұрын өткен материал бойынша ережені еске түсіріп алайық.
- Екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қалай қосымыз?
- Екі таңбалы сандардан екі таңбалы сандарды қалай азайтамыз?
(Ережені айтқызу)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді осы ережеге сүйене отырып жұмыс жасаудың ретін көрсететін нұсқауды алгоритм деп атайды екенбіз. Сонда алгоритм ұғымы - нәтижеге жету үшін қай амалды, қай істі қай ретпен орындауды көрсететін нұсқау десек болады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Мысалы мен бүгінгі сабағымыздың алгоритмімен таныстырып өтейін:
Жұмыс алгоритмі:
1. Сабағымыздың тақырыбымен танысамыз.
2. Дәптермен жұмыс - күн реті, көркем жазу, талдау жұмысы.
3. «Мен ойлаған санды тап» ойыны.
4. Математикалық алгоритм бойынша жазбаша қосу азайтуды үйренеміз.
5. Тапсырмалар орындау барысында алған білімдерімізді есте сақтаймыз. «Кім тапқыр?» ойыны.
6. Бой сергітеміз.
7. Сабақта не үйренгенімізді талдаймыз.
8. Үйге тапсырма аламыз.
9. Сабақ барысындағы жетістіктерімізді бағалаймыз.
Жақсы баға алу жаңа білімді игеру.
Біздің негізгі нәтижеміз - жаңа білімді толық игеру болмақ.
Бүгінгі сабағымызда екі таңбалы сандарға екі таңбалы сандарды алгоритм бойынша қосуды және сәйкесінше азайтуды үйренетін боламыз.

● Дәптермен жұмыс.
- Дәптермен жұмысты жүргізу.
- Көркем жазу және талдау.
3. «Мен ойлаған санды тап» ойыны
- Мен ойлаған санды теңдеу құра отырып тап.
1. Мен бір сан ойладым оған 45 - ті қосқанда қосындының мәні 50 - ге тең болды. Мен ойлаған қосылғышты тап. х +45= 50 Х = 5
2. 12 санына мен ойлаған санды қосқанда, қосындының мәні 52 - ге тең болды. Мен ойлаған қосылғышты тап. 12+ х = 52 х = 40
3. Мен ойлаған саннан 10 - ды азайтқанда, айырманың мәні 90 - ға тең болды. Мен ойлаған азайтқышты тап. х - 10 = 90 х = 100
4. 560 санынан мен ойлаған санды азайтқанда айырманың мәні 60 - қа тең болды. Мен ойлаған азайғышты тап. 560 - х= 60 х= 500

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережені ұғынуын, шығармашылық ойын дамыту.
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измұханова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×