Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ң дыбысы мен әрпі

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыруды жалғастыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.
2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ң дыбысы мен әрпімен танысады және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгереді, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқайды.
2. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорлары дамиды, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдылары қалыптасады.
3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, ұйымшылдыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу.
Көрнекілігі: Әріптер кассасы, тақырыптық, заттық суреттер
ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.

Барысы:
Мұғалімнің әрекеті
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- Ендеше, ң әрпін еске түсірейік.
а) аңшы, шаң сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
ә) домбыра, оңаша, сараң сөздерін буынға бөлу.
б) Алаң, таң, шың сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау.
в) Оқулықтағы мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру
Дом - бы - ра, о - ңа - ша, са - раң
Біз алаңға шықтық. Таң атты. Альпинистер таудың шыңына шықты.

А) Суретпен жұмыс:
- Балалар, суретте не бейнеленген?
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Аңдар қайда өмір сүреді, оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?
- Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма? (сиыр, қой, жылқы)
ә) Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.
- Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
в) Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау
г) Сызбамен жұмыс:
ң әрпі бар сөздерге мысалдар келтіру.
- ң (қайталап айту).
Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау
Бағалау өлшемдері
Оқушыларды фишкалар арқылы бағалап отыру.
- Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?
- Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.
- Сөздерді, мәтінді оқығанда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
В дыбысы және әрпі
В дыбысы және әрпі
Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Оқушыларды адамгершілікке,
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін, сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Қызылорда қаласы. №261 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Қойшыбаева Гүлдана Рахметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×