Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарсы мәндес сын есімдер

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есімдер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың сын есім туралы түсінігін кеңейту.
Сөйлем ішінен қарсы мәндес сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға,
көркем сөзді, көркем ойды сөздік қорына пайдалануға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушының ізденушілік, өз ойын дәлелдеушілік дағдысын, қасиетін,
сөздік қорын шығармашылық қасиетін дамыту.
3. Тәрбиелік: мақсатқа ұмтылуға, мақсатқа жету жолын бірлесе шешуге,
ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: стратегиялар: көрнекілік, тірек сызба арқылы оқыту, талдау, жинақтау, сипаттау,
тренингтік оқыту әдісі
Көрнекілігі: тірек сызба, кестелер, суреттер

І Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Сын есім дегеніміз не?
Сұрағы?
Тұлғасына қарай құрамы.
5 – жаттығу
Т бала – сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді
Тәртіпсіз бала – күйініш,
Төмендеп басың кетеді

Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс керіс, айқай - шу,
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды іс байқайсың.

Жағымды сөздерді тап:
І топ ------------------ ІІ топ -------------- ІІІ топ
Тәртіпті -------------- Ұнамды ---------- Ұстамды
ІІІ Жаңа сабақ
Көркем жазу:
Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.
7 – жаттығу
Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар. Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.
Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.

Ереже оқу.
«Сөйлем ішіндегі сөйлем» ойыны.
(Қарсы) қарама – қарсы сөздерді пайдаланып басқа мақал не сөйлем құрау.
Суреттермен жұмыс:
Сыны -? Қарсы мәндес сөз қандай?

8 – жаттығу
Жатқа жазу.
Қызыл қазық,
Таңсық азық.
1. Оқы, жатта
2. Жаз
3. Талда
4. Сын есімді сыз
5. Шешуіндегі (сөздің) заттың суретін сал
6. Сипатта
9 – жаттығу
Сөйлем құрау.
1 – топ: мейірімді
2 – топ: инабатты
3 – топ: жуас

«Бұл кім?» ойыны.
Қарсы топтағы оқушыны сипаттап жасыру.

10 – жаттығу
Тақтамен жұмыс.
Ірі - ұсақ, жұқа – қалың, құрғақ – ылғал.

Кестемен жұмыс.
 Ірі, жұқа, құрғақ сын есімдеріне қатысты суретті қорша, дәлелде.
 Тиісті сөздерді жабыстыр.

11 – жаттығу. Керікті сипаттау
Керікке не жетпейді?
Керікті сипаттап жаз.
Оқы.

ІV Қорытындылау
Ащы терім ақты
Жеміс өсті тәтті
Халқың үшін жаның сал,
Қарғыс алма алғыс ал

Биыл қай жыл?
Сәйкестендір.
Бүгін қандай сын есіммен таныстық?
Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?

V Бағалау
VІ үйге тапсырма: 12 – жаттығу, ереже жаттау.
8 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Қарсы мәндес сын есім
Қарсы мәндес сын есім
Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қапиза Оразбаева
Қарама - қарсы мәндес сөздер
Қарама - қарсы мәндес сөздер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №11 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Ботагоз Мейрамовна
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Қанашова Бибігүл Қанашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×