Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты аялау

24 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Табиғатты аялау
Мақсаты: Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Танымдық қабілет - терін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, ортаға сала білу дағдыларын жетілдіру. Табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар, ақ қағаздар, маркерлер.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Амандасу.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер - Ана!
Амансың ба, Сен!
Амансың ба, Мен!
Қызығушылықты ояту. — Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Сөзжұмбақ сұрақтары.
1. Аң патшасы.
2. Қазақстанның әсем қаласы.
3. Қазақтың қарт, ақыны.
4. Қазақтың батыр қызы.
5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.
6. Ай аты.
7. «Медеу» спорт кешені қай таудың беткейінде орналасқан?

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Табиғатты аялау» деп аталады.
— Балалар, табиғат дегенде қандай ой оралады сендерге? (Топта жұмыс жасайды, жауаптар тыңдалады).

1 - оқушы. Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер - нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су — адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
2 - оқушы.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
3 - оқушы. Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесіне беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.
4 - оқушы. Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта - пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.
5 - оқушы. Табиғат — ол Жануарлар әлемі. Жүгірген, аң, ұшқан құс, дала ажары - ақбөкен, әні мен сәні — бұлбұл, су аруы — аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
— Ал ендеше, балалар, табиғат туралы жұмбақтар білесіңдер ме?
Жұмбақтар шешу.
Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)
«Айт» десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес. (шөп)
Жазда жатсаң — көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң — жаның рахат табады. (ағаш)
6 - оқушы.
Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айың да.
Тегінде жаның жомарт — ақ,
Ізгілік жатыр бойында.
7 - оқушы.
Табиғат, қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
8 - оқушы.
Табиғаттың тарылтпасын
Мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен оның перзенті.

— Ал енді, балалар, мына тақтаға назар аударып, берілген жағдаяттарды талдап көрейік. Слайд
1 - жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді - де, тұрып қалды…

Сұрақ:
1. Али не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Али қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2 - жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:
1. Айдос әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?
2. Айдос бойынан қандай қасиеттер көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?
— Балалар, табиғат туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? (балалардың өздері білетін мақал - мәтелдерді айтады).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 681
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
6 – ны қосу, азайту
6 – ны қосу, азайту
Сабақ тақырыбы: Қайталау. 6 – ны қосу, азайту
Табиғат тамашалары
Табиғат тамашалары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №1 Алға мектеп - бақшасында бастауыш сынып мұғалімі Муханова Айжан Айжарыковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×