Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

25 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау.
Міндеті: Түбір сөзге жұрнақ жалғатып, жаңа сөз жасату, сол сөздермен сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту. Оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту, қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылуы туралы алған білімдерін дамыту, оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс, жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір - бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір - бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ - жауап, рефлексия.
Көрнекі құралдар: тақта, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Сабақтың ұраны.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
- Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

ІІ. Ой ашар. Үй тапсырмасы тексеріледі. 4 - 5 оқушыдан үйге берілген 295 - жаттығу сұралады.
Миға шабуыл. Өткенді қайталау.
Ерте - ерте ертеде, бір - бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне - бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме?
- Иә, алғымыз келеді.
- Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, шешуіндегі сөздерді сөз құрамына талдауларың қажет. Дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
1. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеске. (Білім)
2. Есіктен кіреді,
Төрге қарай жүреді. (Суық)
3. Сақалы жоқ шашы бар,
Бет - аузы жоқ басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды.
- Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не?
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Жұрнақ деген не?
- Жалғау деген не?

ІІІ. Жаңа оқу материалын пысықтау. (Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс)
295 - жаттығу. Мәтінді түсініп, мәнерлер оқиды. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды.
Оқушыларға қосымша тапсырма айтылады.
Ұлуды сипаттап әңгімелеу.
Оқушылар білгенін айтады мұғалім толықтырады.
298 - жаттығу. Мәтінге ат қойылады. Оқушы тапсырманы коментаримен жүргізеді. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазу.
- Не себепті жалғау керек екен?
- Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
- Кітап туралы мақал - мәтел айту.
ЕРЕЖЕ: түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады.
Күріш - ші - ге
Күріш - ші - нің
Күріш - ші - мен
300 - жаттығу. Суретпен жұмыс жасайды. Зат атауына – шы жұрнағын жалғап оны сөз құрамына талдайды.
Шалғышы, қойшы.
Әр нұсқа бойынша осы сөздерге сатылай кешенді талдау жасату.(Математикалық фонетика). []
Берілгені: Шалғышы 0 = ----- =?
/\
3 []0
Шешуі: Шалғышы = 7о = ------
4 /\ 0
[] - Дауысты дыбысқа талдау.

1) Тілдің қатысына қарай:
1 (а) 2 (ы) жуан []0
3 о = -----------------------------
жіңішке /\ Ø

2) Жақтың қатысына қарай:
1(а) ашық []0
3 о = -----------------------------
2 (ы) қысаң /\ 0

3) Езу мен еріннің қатысына қарай:
еріндік []Ø
3 о = -----------------------------
1(а), 2 (ы) езулік /\ 0

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.
301 - жаттығу. «Медеу мұзайдынында» тақырыбында әңгіме құрату.

IV. Рефлексия - бағалау кезеңі.
- Қазір балалар біз сендермен мынандай логикалық жұмбақтарды шешеміз. Жақсылап ойланып жауап береміз.
1. Екі әріптен құралып,
Жүруші едім мал болып.
Жалғанды да бір әріп,
Шыға келдім шал болып. (ат - ата)
2. Үш әріптен құралып,
Ұшып жүрген құспын,
«Ақ» жұрнағын жалғасаң,
Бір ұлт болып шықтым. (қаз - қазақ)
3. Алғашқыда балық аулар,
Балықшының құралы едім.
Жалғанды да бір әріп,
Бәрің жұтар не болдым? (ау - ауа)

V. Қорытындылау.
- Сабағымызды қорытындылау үшін қазір мен сендерге, конверттер таратып беремін, конверттерде әріптер бар.
Әріптерді пайдалана отырып сөздер құрастырасыңдар, сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратасыңдар.
1. Балапан 2. Өрмекші 3. Суретші 4. Қыста 5. Оқуды 6. Алманы, 7. Қағазға 8. Айна 9. Орындық 10. Өнерлі
- Сонда балалар, сендердің құрастырған сөздеріңе нелер жалғаныпты?
- Жұрнақтар мен жалғаулар.
VI. Үйге тапсырма беру
VII. Бағалау
6 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Түбірдің мағынасын өзгертпейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау деп аталады?
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ОЖББМ-Б бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×