Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түліктің кеңесі

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Төрт түліктің кеңесі»
Мақсаты: Оқушыларды төрт түлік малды бағып - күтуге, еңбекшіл болуға тәрбиелеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, төрт түлік туралы білімдерін тиянақтау.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, төрт түлік суреттері, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақ

Барысы:
1. Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңберде «Допты қағып, ал» ойыны
А) Сиыр мөңірейді,
Қой маңырайды.
Жылқы кісінейді,
Түйе боздайды.
Ә) Топқа бөлу
2. Ой қозғау.

Жұмбақтар шешу.
1. Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (түйе)
2. Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келді жүйрігім. (құлын)
3. Шайнаңдайды сағыз,
Сүттің кені нағыз. (сиыр)
4. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(қой)
5. Басында екі таяғы,
Сидаңдаған аяғы.
Қоймен бірге жаяды. (ешкі)

Бұрынғы кезде ата - бабаларымыз мал атаулының қадір - қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестетуіміз мүмкін емес. Малды сүю, бағу, күту, кең даланы малға толтыру еліміздің болашағы мына сендердің міндеттерің. Ендеше, балалар төрт түлікті барлығымыз да білеміз.
Оларға түйе, жылқы, сиыр, қой жатады. Төрт түліктің еті азық, жүні киім, терісін сатсақ ақша. Ендеше, мына тұрған малдардың төлдерін атайықшы. Бота, құлын, бұзау, қозы.

3. Топпен жұмыс.
1 - топ. Түйе туралы жыр, мақал - мәтел.
2 - топ. Жылқы -----------------------------
3 - топ. Сиыр -----------------------------
4 - топ. Қой -----------------------------

Сергіту сәті: «Қамажай»
4. Сабақты қорытындылау.
А) Балалар, сендерді аналарың, әжелерің жақсы көріп, еркелеткенде «ботам», «құлыным»деп жатады.
Малдарда төлдерін еркелетіп жақсы көреді екен.
1. Түйе сүйеді баласын - «боташым» деп,
Жаудыраған көзіңнен - «тоташым» деп.
2. Жылқы сүйеді баласын - «құлыным» деп,
Тұлпар болып жүгірген – «жұрыным» деп.
3. Сиыр сүйеді баласын – «торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған – «қорқағым» деп.
4. Қой сүйеді баласын - «қоңырым»деп,
Ештеңені білмейтін - «момыным» деп.
5. Ешкі сүйеді баласын – «лағым» деп,
Тастан – тасқа секірген - «шұнағым» деп.

Ә) Ырымдар мен тыйымдар айту.
1. Мал қораның сыртында, болмаса ішінде ысқырмайды.
2. Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді.
3. Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүт азаяды.
4. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды.
5. Түнде мал санамайды және ешкімге бермейді.
6 011
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Төрт түліктің кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу арқылы, төрт түлік туралы білімдерін жетілдіру. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда өз пікірлерін еркін жеткізе білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға дағдыландыру. Төрт түлікті қадірлеп, адамгершілік қасиетті
Төрт түлік
Төрт түлік
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Халқымыздың төрт түлігі
Халқымыздың төрт түлігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Төрт түлік
Төрт түлік
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Рузаевка селосы, Калинов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садыкова Асель Нурлановна
Қорытынды сабақ
Қорытынды сабақ
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раушанова Жанаргүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×