Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлкен қалада

28 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Тақырыбы: Үлкен қалада
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы тиянақтау, қазақша дұрыс сөздерді айта алуға дағдыландыру.
2. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды оқырмандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: оқу, баяндау, аудару, сұрақ - жауап, жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Үлкен қалалардың суреттері, презентацияда, кестелер, жазба сөздер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, отырғызу, түгендеу.
II. Кезекті сұрақ - жауап, сабаққа көңіл аударту (бір - біріне сұрақ қойып, жауап алады.) - Үй тапсырмасын сұрау.

III. Өткенді қайталау.
1. Мақалдарды оқып, жіңішке және жуан сөздерді айыру,
2. Әр сөзде неше буын екенін айтқызу
3. Мақалдарды орысшаға аудару
4. Барлық мақалдардың тақырыбын айту
Ер - елде, гүл - жерде.
Отан - отбасынан басталады.
Отан - оттан да ыстық.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

ІV. Жаңа сабақ.
1. Сөздік:
Жұмыс істейді - работает (- ют)
Жүреді - ходят
Ғимарат – здание
Көрікті - красивый
Жағасында - на берегу
А) сөздерді оқу
Ә) аудармасын айтқан сөздерді оқу
Б) жуан буынды сөздерді тауып оқу
В) Сөзде неше буын екенін айту
Г) әр сөзбен сөз тіркес құру

1 - тапсырма Мәтінмен жұмыс
Үлкен қалада
Петропавл менің туған қалам. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
Петропавл көрікті қала. Қалада биік үйлер, кең көшелер, дүкендер, кітапханалар, театрлар, ауруханалар, мектептер бар. Қалада зауыт, фарикалар жұмыс істейді. Көшеде автобустар, машиналар жүреді. Бұл – үлкен қала.

Мәтін бойынша жұмыс
А) Мәнерлеп оқу.
Ә) Орысша аударылған сөйлемді тауып оқу
Б) Сөйлемдерге сұрақ қою
В) Көптік жалғауы бар сөздерді тауып оқу
2 - тапсырма Жазбаша орындау.
Мына сөздерге көптік жалғауын қосып жаз ( запиши слова во множественном числе (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
Қала, ғимарат, зауыт, театр, жер, өзен, ескерткіш.
4. Петропавл туралы суреттерді тамашалау
3 - тапсырма.
Сұрақ - жауап
1. Сен қайда тұрасың?
2. Сен қай қалада тұрасың?
3. Сен қай көшеде тұрасың?
4. Қазақстанда қандай ірі қалалар бар?
5. Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?
6. Петропавлда нелер бар?
7. Петропавл қай өзеннің жағасында орналасқан?
8. Қазақстанда қандай үлкен өзендер бар?
4 - тапсырма.
Сөйлем құрап үйрен.
1. Ауыл.
2. Үлкен ауыл
3. Бескөл - үлкен ауыл

5 - тапсырма.
Сөйлемдерді жаз.
Алматы - үлкен ----------. Қалада көшелер, мектептер, алаңдар, театрлар -----------. Қаланың көшелері -----------. Алматы - ---------- қала.
V Қорытындылау: Нені білдік? Нені үйрендік?
VІ Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан балаларға тиісті бағасын қою.
VІІ Үйге тапсырма беру: сөздік жаттау
5 268
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қазақстан – біздің Отанымыз
Қазақстан – біздің Отанымыз
Сабақтың міндеттері: 1. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, мәтіндерді талдау арқылы жаңа сабақты жан - жақты меңгерту. 2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Зат есімнің көптік жалғауын қайталау
Зат есімнің көптік жалғауын қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Асанов орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Желенко Рима Фаритқызы
Қазақстан – Менің Отаным
Қазақстан – Менің Отаным
Астана қаласы, №36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынхан Гүлжан
Қазақстан Республикасы (тәуелдік жалғауды қайталау)
Қазақстан Республикасы (тәуелдік жалғауды қайталау)
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×